Биыл ауданда 12 жол жөндеу жобалары іске асырылып жатыр
Аудандағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелері 535,47 шақырымды құрайды. Оның ішінде, облыстық мәндегі жолдар 281,8 шақырым, аудандық мәндегі жолдар 64,87 шақырым, елді мекендердің көшелері 188,8 шақырым.
Биылғы 2023 жылы аудандық жол құрылыс саласына 639,3 млн. теңге бөлінді.
12 жол жөндеу жобалары іске асырылуда.
Оның ішінде:
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен 1 жоба, Шағалалы ауылына кіре-беріс аудандық маңызы бар 9,2 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысы. Бүгінгі күнге 50 пайыз жұмыс аяқталды.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 11 жоба немесе 10,5 шақырым жол жөндеу жұмыстары басталған.
Бүгінгі таңда 5 жоба бойынша асфальтбетон төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, көлік қозғалысына берілді. Олар, Жайылма, Жаңаталап, Ұйым ауылдарындағы ішкі жолдар.
Қалған 5 жобаның жұмыстары Тоғызкент және Саудакент ауылында ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша тоқтатылған. болатын. Олар, Саудакент ауылындағы Сармолдаев, Уәлиханов, Абылайхан көшелері мен Тоғызкент ауылындағы Төреқожа, Бетпенбет, Сапақ датқа көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстары. Бұл жолдарға тамыз айының соңына қарай жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, қосымша «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Қаратас ауылындағы 1,5 шақырым Қаратас көшесін орта жөндеуге 53 302,0 мың теңге қаржы қаралды.