Елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді.
Әрбір халық өзіндік мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен ерекшеленеді.
Ауданда 2 мәдениет және 17 клуб үйлері мен 26 кітапхана аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Жыл өткен сайын мәдени нысандар жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базалары жақсарып келеді.
Мәдени іс-шараларды жиі әрі мазмұнды ұйымдастыру басты назарда.
Ағымдағы жылдың 6 айында мәдениет саласы бойынша 1287 мәдени іс-шара өткізілсе, оның ішінде ауылдық жерде – 642 іс-шара өткізілді.
Олардың арасында, Мұрат Әуезовтың 80 жасқа толуына орай, Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасы, ақын, жергілікті сазгер Төлеу Үшқоңыров 85 жасына арналған мерейтойлық шаралар мен мемлекеттік және ұлттық меркелерге арналған түрлі форматтағы іс-шаралар бар.
Биыл Сарысу ауданының құрылғанына 95 жыл толады. Барлық шаралар осы мерейтой аясында болмақ.
Қазіргі таңда Сарысу ауданының 95 жылдығына орай, «Саялы өлкем - Сарысуым!» атты мәдениет және өнер фестивалі бастау алды.
Алдағы уақытта аудан күндері аясында Сарысу өңірінен шыққан бірқатар өнер майталмандары мен ақын жазушылардың мерейтойларын, атап айтқанда, ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығы, жазушы Дулат Шалқарбаевтың 100 жылдығы, Төкен Махашев -100 жылдығы, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жас, мәдениет қайраткері Рәтбек Сүлейменұлының 75 жас мерейтойлары мен бірқатар ауқымды жобаларды кең көлемде өткізу жоспарланып отыр.
Ал, балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында орталық саябақ, мәдениет үйінің жазғы сахнасында, мәдениет скверлерінде және ауылдық клуб үйлерінде әр түрлі форматта іс-шаралар өткізіліп келеді.