САРЫСУЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

САРЫСУЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қасіретті ауған соғысы Қазақстанға да өз зардабын тигізбей қойған жоқ. Бұл соғыс алып мемлекеттің бір бұрышында жатқан шағын ғана Сарысу ауданына да өз шарпуын тигізді.
Ауған соғысына біздің ауданнан да Кеңес Одағының әр түкпірінде әскери міндеттерін өтеп жатқан көптеген жауынгерлер қатысты.
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, ауған соғысы ардагерлеріне мерекелік дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шарада ауған соғысының ардагерлері «Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл» медалімен, сондай-ақ ауданның дамуынан өзіндік үлесін қосқан және қосып келе жатқан бір топ ардагерлер «Сарысу ауданының Құрметті ардагері» төсбелгісімен, Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сыяпаттар жасалынды.
Шара барысында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әсем әннен шашу шашып, ардагерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қазіргі таңда ауданда Ауғанстанда соғысқа қатысқан 25 ауған соғысының ардагерлері тұрады.
Ауған соғысының ардагерлері түрлі салада еңбек етіп, ауданның дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Сонымен қатар, аудан өміріне, қоғамдық, мәдени шараларға, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жұмыстарына белсене араласып келеді.
Сарысу ауданы әкімдігі
15.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 21
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 94
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 94
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 98
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 69

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1315
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7360
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11228
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7414
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7566