«Саржайлау» этнолагері жалғасып жатыр

«Саржайлау» этнолагері жалғасып жатыр

 Астанадағы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы балалардың жаздық демалысын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Саржайлау» этнолагерін ұйымдастырып жатыр. Негізі лагерь жұмысы 1 маусымда басталған екен. «Этнолагерьді ұйымдастырудағы мақсат – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу. Қазіргі екінші кезеңде оқушылар демалумен қатар ұлттық дәстүрлерімізді танып, біліп, меңгеруде. Тілімізді, дінімізді, өнерімізді оқушылар бала күнінен бастап бойына сіңіру керек. Сонда біз нағыз қазақты, ұлтжанды азаматты, ұлтты көркейтетін қыз бен ұлды тәрбиелейміз деп ойлаймын. Шебер мұғалімдеріміз, әжелер қауымы өскелең ұрпаққа киіз басуды, жүн түтуді, қамшы өруді, басқа да қолөнерді, терімен жұмыс істеуді, ұлттық тағамдарды дайындауды үйретеді», – дейді М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия директоры Гүлмира Оралқызы. «Сарыжайлау» этнолагерінде бірінші маусымда 300- ге жуық оқушы демалған. Ал қазір жүріп жатқан екінші маусымда 200-ге тарта оқушы қамтылыпты. Этнолагерьге 1-8-сыныптың оқушылары барып жүр. Мектеп ауласына 2 киіз үй тігілген. «Саржайлау» этнолагерінің бағдарламасы жан-жақты болып табылады және әртүрлі іс-шараларды қамтиды. Мысалы ұлттық құндылық, сауықтыру, демалыс және білім берудің әртүрлі бағыттарын біріктіреді. «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу әрі жаңғырту – «Саржайлау» этнолагерінің басты қағидаларының бірі», – дейді лагерьді ұйымдастырушылар. Күн тәртібі бойынша әр күні таңертең бой сергіту жаттығуларын жасап болғасын балалар сол күнгі жоспарға кіріседі. Мұнда бір күнде бір топтың балалары үш шеберханаға кіріп дәріс алуына болады. Әр шеберханада түрлі жұмыстар жүргізіледі. Аталмыш лагерь аясында «Салт-дәстүрлерді үйрену», «Қолөнер», «Ұлттық тағамдар», «Қыш өнері» сияқты шеберлік сабақтары жүргізіледі. Бұдан бөлек ұлттық дәстүрді ұлықтау мақсатында киіз басу техникасы, ши тоқу, өрім өру шеберліктеріне баулиды. Қыш шеберханасында ұстаздар сазбалшықты өңдеу тәсілдерін оқушыларға үйретеді. Ал ART STUDIO шеберханасында ұлдарға 4 өрім қамшы өрудің әдістері көрсетіліп, олар өздері өрім өріп көреді. Жоспарға сәйкес «Ұлттық сүт тағамдары дәрумен көзі – Құрт party» өткізіледі. Балалар осындай шеберлік сабақтарынан бөлек қаладағы ҚР Ұлттық музейі, «Жер ұйық» саябағы сынды орындарға саяхат жасау жағы да қарастырылған. Музейде оларды еліміздің бай тарихымен таныстыру мақсат етілсе, саябақта өсімдіктерге талдау жасап, танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әрі табиғат аясында түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереді. Аталмыш лагерь аясында ұлттық ойындардан асық ату, бес тас, тоғыз құмалақ секілді ойындарды ойнатып, өзара мықтыны анықтайды. Ал өнерге бейімі бар балалар ән айтып, домбыра шертіп, ұстаздардан тәлім алады. Оқыған кітаптары негізінде сұрақ-жауаптар ойнатылып, олардың кітапты қалай меңгергені анықталады

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 243
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 313
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 266
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 302

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4131
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3559
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4535
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5720