Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

 

Алматы облысы Талғар ауданындағы Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына ерекше тағзым етуде. Бұл жақта 2018 жылы салынған музей жұмыс істейді. Музей десек іш пыстырарлық, ішінде тірі жан жоқ ғимаратты елестетеміз. Алайда мұнда келетін болсаңыз, әрқашанда тыныс-тіршілігі қайнап жатқанын байқайсыз. Себебі осындағы тұрған жәдігерлермен құр таныстырып қоймай, арнайы түрлі рухани кештер мен кездесулерге де куә бола аласыз. Мектеп оқушыларымен, студенттермен де тығыз жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ, бұл аза тұту, еске алу орны ғана емес, болашақта ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қызмет етуі тиіс екендігін атап өткен жөн. Музейдегі жаңа экспозициялық 3 залда «Қазақстандағы 1916-1986 жылдар аралығындағы қуғын-сүргін тарихы», «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» және «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы мен оның қызметіне қатысты экспонаттар қойылған. 1930-1950 жылдардағы қуғын-сүргін тарихы туралы бірінші залдың экспонаттары арқылы танысуға болады. Олардың қатарында жерлестеріміз, қазақ зиялылары М.Тынышпаев, І.Жансүгіров, Халел Досмұхамедұлы, Ж.Күдерин және басқалары туралы фото-құжаттық материалдар бар. Сонымен қатар, осы залда Алматы облыстық полиция департаменті архивінен алынған, Алматы облысы бойынша тұтқынға алынғандардың, соның ішінде қуғын-сүргінге ұшырап, кейіннен ақталғандар ісінің көшірмелері қойылған. Сталиндік лагерьлердегі тұтқындардың өмірі төрт диорамада ашып көрсетілген. Жаңалық ауылында атылып, жерленгендердің жеке заттарын да залдағы тақырыптық бөлімдерден кездестіруге болады. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» залында жазықсыз жазаланған 4125 адамның аты-жөні мәрмәр тасқа қашалып жазылып, қабырғаларына ілінген. Олардың қысқаша өмірбаянымен  танысуға мүмкіндік бар.

«Абайдың ақын ұлдары»

Жоғарыда айтып өткеніміздей, музейде рухани кештер жиі өтеді. Сондай іс-шаралардың бірі 9 тамыз  Абай күні қарсаңында «Абайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары» атты жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, музей ісінің ардагері Болат Жүнісбековпен кездесу өтті. Кездесу барысында жазушының «Абайдың ақын ұлдары» атты кітабының тұсауы кесіліп, қонақтарға сыйға берілді. Абай махаббатты жырлады, еңбекті, білімді, адамзат, дос, табиғатты жырлады, шын мәнінде осының бәрін жинап келгенде, Абай адам бақытын жырлады. Абайдың ұрпақтарына келетін болсақ, ақын ұлдарынан шығармашылықпен айналысқан төртеуі ғана кітапта жазылып отыр: Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Әубәкір. Ал саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың қатарында Шәкәрім бастаған Абайдың 14 туысқаны  бар.  Қадірлі қонақтардың қатарында филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Журналистер одағының мүшесі Аманқос Мектептегі, тілші-ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ғарифолла Әнес, медицина ғылымдарының кандидаты Талапқали Измухамбетов болды.  

Алаш арыстары мешіті

2020 жылда құрылысы бастау алған бұл мешіт, 2022 жылдың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамырда ашылды. Сол күні ресми ашылу салтанаты өтіп, Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына Құран хатым түсірілді. Апта сайын Алаш арыстарының есімдері ардақталып, ерен еңбектері еске алынып,  рухтарына арнайы Құран Кәрім тіләует етілді. Халқымыздың игілігі жолындағы олардың сіңірген еңбектері егемен  Қазақстанның қалыптасуының негізін қалауға мүмкіндік берді. Мың адамға арналған мешітті салған Жұмахан Абай есімді азамат. Ол мешітті салуға ауыл адамдарының да атсалысқанын айтты. 

 

Рауан МУТАИР
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651