Күшіміз бірлікте – Сбер Алматыны қалпына келтіруге көмектеседі

Күшіміз бірлікте – Сбер Алматыны қалпына келтіруге көмектеседі

Сбер қалаға көмек ретінде 550 миллион теңге бөлді.

Бүгін, 12 қаңтарда Алматыға су жаңа 10 реанимобиль сыйға берілді, орын алған тәртіпсіздіктердің салдарынан бірнеше жедел жәрдем көлігінің жойылғанын ескерсек, бұл көліктер қаламызға  өте қажет. Заманауи реанимобильдер барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған, атап айтқанда, дефибрилляторлар, жүрек қағысын тексеретін толық жүйе, пульсоксиметрлер, тасымалдауға қолайлы тыныс алу аппараттары, оттегі баллондарыСондай-ақ Банк Ұлттық кітапхана мен Республикамыздың мемлекеттік орталық мұражай ғимаратын жөндеп, қалыпты жағдайына келтіреді.

 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың біртіндеп бұрынғы өміріне оралғанын және орын алған оқиғадан кейін қалпына келтіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз қазақстандықтардың қиын кезеңде ұйымшылдық көрсетіп, жұмылған жұдырықтай әрекет ете алатынына тағы да көз жеткіздік. Алматылықтарға тәртіпсіздік кезінде сабырлылық пен батылдық танытқандары үшін және бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын» – деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ қала әкімі зардап шеккен салаларды қалпына келтіруге, соның ішінде дансаулық сақтау саласына ірі бизнес және қаржы институттарының қолдау көрсетіп жатқанын ерекше алғыспен айтты.

 

«Алматы қиын кезеңді басынан өткізуде. Қазіргі уақытта басты ортақ мақсатымыз – туған қаламыздың бұрынғы келбетін қайтару. Біз осы бір маңызды іске өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бүгін біз Алматы әкімдігіне алдыңғы қатарлы медициналық құралмен жабдықталған 10 жедел жәрдем көлігін табыстаймыз. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана мен ҚР Орталық мемлекеттік мұражайын өз күшімізбен қайта қалпына келтіреміз деп шештік.

Біріге жұмылсақ, қираған нысандарды жылдам қалпына келтіріп қана қоймай, бұрынғыдан да күштірек боламыз деген сенімдемін» – деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.

 

Бүгінде Сбер Банктің бөлімшелері мен банкоматтары еліміздің барлық аймақтарында штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Несиелеуді қосқанда, клиенттерге барлық қызметтер қолжетімді.

 

13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 936

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9009
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8404
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11630
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9388
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10614