СЕНБІЛІКТЕ 250 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

СЕНБІЛІКТЕ 250 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ
Түркістан облысында өткен апта ішінде 30 елді мекенде жүргізілген сенбілікке 50 мыңнан астам тұрғын атсалысты. Тазалық жұмыстарына 69 техника тартылып, бір аптада 250 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 400 шақырымдай ауыл жолдары тазаланды. 121 мемлекеттік мекемелермен іргелес аумақтар, 500-ден астам кәсіпкерлік нысандары мен іргелес аумақтарыны тазаланды. 57 аялдама мен 1 291 көше бойындағы ағаштар ретке келтірілді. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар баяндалды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауаптыларға жұмысты жандандыруды тапсырды. Тазалық шарасының тынымсыз жүргізілетінін ескертті.
Экологиялық акцияның мақсаты — қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру.
Арыс қаласында өткен экоакцияға қала тұрғындары, мемлекеттік органдар, кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар мен өнер азаматтары, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары жұмылдырылды. 23 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұған қоса, облыстағы демалыс аймақтарында тазалықты қамтамасыз ету мақсатында Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы және Түлкібас ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Машат шатқалында» сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық акцияға қатысқан барша түркістандықтарға алғысын айтқан облыс әкімі Отаншылдық – тазалықтан басталатынын айтып, туған жердің тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір адамның міндеті екенін жеткізді.
– Ел ішінде өтіп жатқан маңызды экошараны қолдаған барша жерлестеріме алғысымды жеткіземін. Мәдениеттіліктің -бастауы – тазалықта. Тазалық табалдырықтан басталады. Аула таза болса, ауа да таза болады. Біз тазалықты сақтау, ағаш егу, айналаны гүлдендіруді өмірлік дағдыға айналдыруымыз керек. Бейжай қарамау керек. Өз ортамызды, айналамасызды таза ұстауымыз керек. Кей байтақ даламыз да, ауыл да қалаларымыз, бәрі де – өзіміздікі. Бізге ешкім сырттан келіп, оны тазалап бермейді. Бар байлығымызға жанашырлықпен қарайық. Тазалық бәрінің айнасы. Бізге келіп жатқан қонақтар алдымен кіре берістен төрге дейін тазалыққа қарайды. Сонықтан онсы жақтартуға ір адамдай атсалыссақ, - деді Дархан Сатыбалды.
Тазалықты сақтау туралы жұмыстар денсаулық сақтау саласында да қарқынды жүргізілуде. Барлық 724 денсаулық сақтау нысандарына сенбілік жұмыстары жүзгізілуде. Өңірде 600-ге жуық сенбілік өткізу жоспарланған. Экошараға барынша қоғамдық жұмысшылар да тартылуда. Бүгінде 6 мыңнан астам тазалық жұмыстарына, 1 мыңнан астам қызметші көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
24.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 76
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 598
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 715
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 637

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8773
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8173
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11402
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9156
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10387