Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік

Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік

«Qazaqstan dauiri» газетін үнемі оқып отырамын. Бұл газеттің ұйымдастырған «Ауыл» экспедициясы жыл сайын біздің ауданымызға келіп аралап, біздей кәсіпкерлердің, диқандардың жағдайымен танысады. Көкейтесті мәселемізді көтереді. Менің еңбекқор газет ұжымына алғысым шексіз. Менің еңбегімді де жарқыратып көрсетіп, ойларымды шынайы түрде жазды. Ауылды көтеру жөнінде көптеген мақалалар шығып тұрады. Жақында Үкімет басшысының көмекшісі, белгілі мемлекет қайраткері Ералы Тоғжановтан газет журналистері «Ауыл мәселесін сөзбен емес, іспен шешетін кез келді» деген тақырыппен сұхбат алды. 

Дұрыс айтады, біздің мемлекетімізде сөз көп. Уәде беріледі, көбісі орындалмайды. Ералы мырзаның осы сөзінің өзінде зор мән бар. Сұхбатта көп мәселелер көтерілген. Мысалға менің көкейіме қонған мына мәселе көптен бері ойымда жүретін. Ералы аға оны дөп басыпты. Шынында да шетелдерден біз көптеген ауылшаруашылық өнімдерін аламыз. Біз оған ақшамызды төлейміз. Сол төлеген ақша енді біздікі емес. Ол енді жат қолына кеткен ақша. Сондықтан біз өнімнің бәрін өзімізде өндіруіміз керек. Мәселен мен бағбанмын. Абрикостың түр-түрін өсіремін. Менің бұл өсірген өнімімді шетелдерден келіп алады. Құрығанда өзімізді-өзіміз қамтамасыз етеміз. Ақшамыз өз қолымызда қалады.

Біздің елімізде жер кең. Мемлекетіміз қазір шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор қамқорлық жасап отыр. Субсидия ал, тіптен «Аманат» жобасымен 2,5 пайызбен несие де беріп жатыр. Тек еңбек ет, табыстың көзін тап! Ералы ағамыздың мына сөзі де маған қатты ұнады. Ол халқымыздың жалқау еместігін, тек оларға көмектесіп, табыстың көзін көрсетуді, үйретуді ұсынды. Дұрыс шешім. Біз осылай еткенде халқымызды еңбек етуге, бай болуға үйрете аламыз. Негізі баю әрбір адамның өзіне байланысты. Мен, менің отбасым кедей болатын. Менің алдымда баюдың екі жолы тұрды: бірі – рекетир болып, басқа да зұлымдықтың, залымдықтың көздерін пайдаланып қара жолмен баю; екінші – маңдай тер, ақыл-ойымды пайдалану арқылы ақ жолмен баю. Көп ойландым, көп толғандым. Ақыры қабырғаммен, анам, отбасыммен кеңесіп, екінші жолды таңдадым. Бұл қауіпсіз жол болатын. 

Шүкір, қазір жаман емеспін. Алдымен үйдің алдына (1 гектар жер) абрикос жеміс ағаштарын ектім. Ерінбедім, аз ұйықтадым, көп еңбектендім. Біраз пайдаға кенелдім. Сөйтіп кәсібімді кеңейттім. Қазір 85 гектар жерді жалға алып, абрикостың түрлі сорттарын егемін. Еңбегімді елім еледі. Аудандық мәслихаттың депутатымын, ауданның құрметті азаматымын. Басқа да атақтарым жеткілікті.

Ойларын ортаға салған Ералы ағаға рақмет. Биліктің жоғарысындағылар осылай болуы тиіс. Еліміз аман, бейбітшілік заман болсын! Әмин! 

Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 117
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 167
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 111
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 100
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 100
«АУЫЛ АМАНАТЫ» –  ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА
Құсайын САРСЕМБАЙ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы - 18.09.2024 74

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4786
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6803
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5197
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6398