Ауыл – мемлекетіміздің тірегі

Ауыл – мемлекетіміздің тірегі

«Qazaqstan dauiri» газетінен Ералы Тоғжанов мырзаның «Ауыл мәселесін сөзбен емес, іспен шешетін кез келді» деген сұхбатын оқып, бір ауыз тілегімді жеткізу үшін сіздерге хат жолдап отырмын. Айтқым келгені, Үкімет қолға алып жатқан «Ауыл аманаты» Жобасының елге берері мол екен. Оқып отырып қатты қуандым. Себебі Ералы мырза бір кезде Премьер-министрдің орынбасары болған азамат.  Бірнеше облыста әкім болды. Елдегі, ауылдағы бүкіл жағдайдан хабардар. Сондықтан «Ауыл аманаты» Жобасы, елдің еңсесін көтерер, халықтың тұрмысын жөндейтін жақсы бастама. Сұхбатта Жобаның жілігін шағып, талдап-талғап ұсынғаны ұнады. Иә, ауылдар қаңырап қалды. Жастар ауылға тұрақтамайды. Себебі жұмыс жоқ. Жұмыс болса да айлықтары аз. Осындай шақта ауылды қолдамаса, қорғамаса тағы қиын. Президент Тоқаевтың өзі халыққа Жолдауында ауыл мәселесіне ерекше серпін бере сөйледі. Демек, ауылға Үкімет тарапынан оң көзқарас байқалады. Әсіресе «Ауыл аманаты» сияқты Жобаны іскер азамат, білікті басшы Ералы Тоғжанов секілді кісіге аманаттап тапсыру – үлкен сенім! Бұл сенімді Тоғжанов адал атқарады деп сенемін. 

Ауыл – қазақтың тірегі. Көпшілігіміздің қимас мекеніміз. Мен өзім Қостанай облысы Арқалық қаласында тұрамын. Зейнеткермін. Ауылда балаларым тұрады. Малдары бар азын-аулақ. Ауылда азғантай малы бар жұрт тұрады ғой.  Соларға да, ауылдастарыма да «Ауыл аманаты» жайлы білгенімді айтып жатырмын. Жобаның мәні мен тиімді жақтарын да шама-шарқымша жеткізуге тырысудамын. Жобаның маған ерекшелігі ұнады. Малды шын мұқтаж адамдарға берудегі тәсілдері де көңілге қонымды. Тіпті пайыздық мөлшері су тегін. Ауылды көтерудің ең тиімді жолдары қарыстырылыпты. Масылдық жоқ. Елде қуанып жатыр. Осы бір игі істің тезірек іске асқанын армандап жатқандар көп. Әйтпесе ауылдан көшу тоқтар емес. Жастарды ұстап қалудың нақты жолы осы – «Ауыл аманаты». Кәсіпкерлікті дамытуға, жастарды оқытуға арналған бастамалар да құптарлық. Әр ауылда тауық өсірілсе, жұмыртқасы нарыққа шықса, одан кәсіпкерлер пайда көрсе – еліміз үшін де, бюджет үшін де жақсы көрсеткіш емес пе! 

Тек айтарым, кәсіп бастаған азаматтарға  салықты азайтса, кедергілер алынып тасталса, нұр үстіне нұр болар еді. Сұхбатта Тоғжанов мырза кепілдік мәселесін айтыпты. Бұл да ауылдағы үлкен проблеманың бірі. Қомақты несие алу үшін ауылдағы үйді банктерге кепілдікке қоя алмайды. Осыны да келешекте ескерсе дегім келеді. Біздегі барлық жағдай тек байларды байытуға арналғандай көрінеді. Себебі ауылға келген, қарапайым жұртқа бөлінген несиенің бәрін солар алады. Осыдан кейін орта бизнес қайдан өркендейді? Кәсібін дөңгелткісі келетін жас қайтпек?

Қалай десек те, «Ауыл аманаты» Жобасынан халықтың күтері көп. Жоба ел игілігіне айналып жатса, ауылымыз жайнап, қызу еңбек қайнап жатары сөзсіз!

 

Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 115
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 165
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 109
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 98
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 99
«АУЫЛ АМАНАТЫ» –  ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА
Құсайын САРСЕМБАЙ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы - 18.09.2024 73

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4786
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6803
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5197
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6398