Шетелге кеткен қаржы қашан қайтарылады?

Шетелге кеткен қаржы қашан қайтарылады?

LS порталы таратқан хабарға сәйкес, қазақстандық 354 шенеуніктің шетел банктерінде 350 миллиардқа жуық теңгесі бар екен. 54 мемлекеттік қызметкер ақшасын 59 елде сақтаса, 17 шенеунік 15 елдегі түрлі компаниялардың иесі не ортақ иесі болса керек. Сондай-ақ, 377 жеке тұлғаның сыртта 466 жылжымайтын мүлкі тіркеліпті. Бұл жағдаяттар мемлекеттік қызметкерлердің табысын растау кезінде анықталған көрінеді.

Осы мәселеге қатысты NEGE порталына сұхбат беріп, өткір пікір білдірген экономист Айдар Әлібаев: «Бұл ақшаның таза еңбекпен, адал жолмен табылмағанына көз жеткізу үшін зор ақыл иесі болудың қажеті шамалы. Бұған пара, откат, ұрлық, бюджетке қол салу, жымқыру арқылы қол жеткізуі мүмкін. Қалай десек те, сыбайлас жемқорлықтың табы бар. Олай деп есептейтін себебім, біріншіден, қаражаттың көлемі күдікті. Мемлекеттік қызметкер адал еңбегімен мұндай ақша жинауы әсте мүмкін емес. Екіншіден, егер маңдай терімен тапқан адал ақшасы болса, оны офшорға немесе шетелдік шотқа салып керегі не? Оның бір бөлігін жергілікті банктерге, бір бөлігін үйінде сақтар еді. Өйткені бұл адам жұрттан ұялып, қорқып үрейленетіндей ештеңе бүлдірген жоқ қой. Ал ақшасы арам жолмен, жемқорлықпен келсе, онда қаражатын офшорға жасырады. Жалпы, 530 миллиард теңге – 1 миллиард АҚШ долларынан сәл ғана асатын ақша. Меніңше, шетелде жатқан ақша бұдан жүздеген есе көп. Бұл – мемлекеттік қызметкерлердің көрсеткісі келген ақшасы ғана. Осы аз қаражаттың өзіне қатысты қойылатын сұрақ бар. Назарбаев билік жүргізген отыз жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлер жүздеген миллиард долларды ұрлап, шетелге әкетті. Бұған қатысты әртүрлі бағалау бар. Менің пайымдауымша, 500 миллиард пен бір триллион АҚШ долларының арасында болуы мүмкін. Бұдан да асып жығылса, әсте таңқалмаймын. Осыншама орасан көп қаражат елде болса, не болар еді? Сөз жоқ, қазіргіден әлдеқайда бақуатты өмір сүрер едік.

Қолды болып, шетелге кеткен қаржыны қайтарудың мүмкіндігіне келсек, бұл өте күрделі үдеріс. Саяси ерік-жігер керек. Интернетте тиын-тебендердің қайтып жатқаны туралы ақпараттарды көзім шалып қалды. Бірақ бұл – арзымайтын ақша. Кеткен қаражаттың мыңнан бір бөлігі ғана. Егер қомақты ақша туралы айтатын болсақ, қайтқан дәнеңе жоқ. Десе де, үдеріс жүріп жатыр. Одан бір пайда болар деген үміт бар. Мемлекеттің активтерді қайтаратыны жөнінде Президент Тоқаевтың өзі бірнеше мәрте мәлімдеме жасады. Жеке белсенділер де атсалыспақ. Мәселен, «Elge qaitaru» қоры да осымен түбегейлі айналыспақ. Оларға қолдан келгенше көмек көрсетуіміз қажет. Қолға алған ісі алға бассын дейміз. Қателеспесем, табыс 2021 жылдан бастап жарияланып жатыр. Ол кезең-кезеңмен жүргізілу үстінде. Алдымен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жария етті. Сосын кезек қарапайым мемлекеттік қызметкерлерге келді. Биылдан бастап енді бюджет қызметкерлері жариялайды. 2024, 2025 жылдары бүкіл азаматтар тапсыруы тиіс. Яғни, халықтың барлық топтары қамтылады. Меніңше, бұл дұрыс нәрсе. Мемлекеттік шенеуніктер табысын көрсеткен кезде, тек қана әйелінің немесе күйеуінің мүлкін көрсету жеткіліксіз. Өйткені біздің шенеуніктер ұрлық активтерін, жылжымайтын мүліктерін көбіне кәрі әке-шешесінің атына, әжесі мен атасының, қайын атасы мен қайын апасының, бала-шағасының, жиендерінің атына жазып қойғанды ұнатады. Әрине, бәрін қамту мүмкін емес. Тым құрыса, ата-анасы мен балаларын және әйелінің туыстарын да қосу ләзім», – депті.  

Ермек Сахариев
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 674
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8821
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10430