Смағұл Елубай: Қазақстан Норвегиядай өмір сүруге әбден лайық!

Смағұл Елубай: Қазақстан Норвегиядай өмір сүруге әбден лайық!
 
Осыдан аз ғана жыл бұрын Жаңаөзенде төгілген қан, жанымызға түскен жара, мінеки, соңғы күндері қайта сыздай бастады.Тек, сол қанды қасірет қайталанбаса екен дейміз. Бұл бүгінгі халық тілегі. Осынау Маңғыстау жерінде орын алған наразылықтарға орай бірер пікірімізді біз де ортаға салуды жөн көрдік.
1. Жаңаөзенде халықты көшеге алып шыққан бір-ақ нәрсе дер едік. Оның аты – жоқшылық. Егер Жаңаөзен халқы тоқшылықта отырған болса, онда олар газ бағасынвң сәл-кем қымбаттауын көзге де ілмес еді.Ақтауда бір әйел «тапқанымыз тамағымызға жетпейді!» деп айқайлап тұр. Соңғы жылы ауыл тұрғындары арасында азық-түлікті дүкеннен қарызға алу көбейді дегенді естіп едік. Мінеки, сол әңгіме тағы алдымыздан шықты. Наразылықтың түп себебі осы деп білеміз.
2. Сондықтан, жоқшылық айдап көшеге шыққан халыққа қарсы күш қолдануға болмайды.Күш қолдану мәселені шешпейді, тек тереңдетете түседі.
3. Сұрақ туады. Байлықтың үстінде отырған Қазақстанның батысы неге сол байлықтың шапағатын көрмеуге тиіс?! Оның шапағатын неге сол байлықты сорып отырған отандық немесе шетелдік компаниялар көре беруге тиіс?! Олар қашан тояды?! Сол байлықты сорып біткенше тоймайды олар. Бұл әділет пе? Әрине, әділет емес! Оларды жергілікті халықтың әлеуметтік мәселесін шешуге заң арқылы мәжбүрлеу керек деп білеміз!
4. Естуімізше Қазақстандағы ең төменгі жалақы алатын кедейлер саны миллионнан асады дейді. Бұл деген сөз, кез-келген кезде көшеге шығатын наразы миллион арамызда жүр деген сөз емес пе!?
5. Бұл деген сөз – кедейліктен құтылмай біз ешқашан наразылықтан құтыла алмаймыз деген сөз емес пе!!
Ендеше, елімізде неге «кедейшілікпен күрестің 10 жылдығын» жарияламасқа?!
7. Сөйтіп, алдағы 10 жылда кедейлікті жойып, тәуелсіздіктің 40 шы жылын неге кедейсіз бақуатты Қазақстан болып қарсы алмасқа?!
8. Мұнайлы кішкентай Норвегия осындай бақуатты ел бола білді емес пе?! Осындай кедейсіз бақуатты ел болу жерасты байлыққа бай Қазақстанның неге қолынан келмейді?
Әбден келеді. Батыл да пәрменді саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізілсе Қазақстан да Норвегиядай бақуатты ел болуға әбден лайықты ел. Басқа жол жоқ . Басқа жолдың бәрі ешқайда бастамайтын баспалдақтар болуы мүмкін!
04.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 39
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 44
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 318
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 942

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8411
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11638
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9394
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10621