Соғысты тоқтатылып В Путин мырза..!

Соғысты тоқтатылып В Путин мырза..!

“Владимир Путин,

 

Украина құрамасы тым болмағанда 90 минутқа өз елінде болып жатқан трагедияны ұмытуға тырысады. Сансыз адамның тағдыры мен өмірі таразыда тұрғанда әлем чемпионатына жолдама алу үшін күресу, дәл қазір олар үшін өте ауыр, өте қиын.

 

Мен осы бір матчты өтініш жасауға мүмкіндік ретінде қолданғым келеді. Болып жатқан сұмдықты тоқтатыңыз! Жалғасып жатқан зорлық-зомбылықты, зұлымдықты ақтап алу мүмкін емес. Бұл қақтығыс ақталмайды, бұл қақтығыс қайғы-қасірет, қорқыныш-үрейден басқа ештеңе де бермейді. Оны ары жалғастырудың еш қисыны жоқ. 

 

Екеуміз кездесіп, бір-бірімізге күле қарап, ұзақ қол алысқан сәтте, күндердің бір күнінде дәл осылай бөлінеміз деп ойламадым. Қарулы қақтығыстар ұлттарды бөледі, ал балалардың арманын үйіндіге айналдырып, бейкүнә жандарды өлтіріп, шаңырақтарды ортасына түсіретін шабуылдарды ақтап алу мүмкін емес. 

 

Мен сексен жылдан астам өмір көрдім. Сол аралықта айуандық пен қатыгездікті өз халқының қауіпсіздігі үшін деп ақтап алғысы келетін жауыз көшбасшылардың үндеуін көрдім. Біз бұны доғаруымыз керек. Мен өз-өзіме үнімді үнемі әлемдегі бейбітшілік үшін қосамын деп уәде еткенмін. 

 

Бұл қақтығысты тоқтату сіздің қолыңызда. 2017 жылы Мәскеуде менімен қол алысқан қолыңызда тұр.”

 

Пеленің Путинге хаты. 2022 жыл, 1-маусым. Аударып, осында салуды жөн көрдім. Пеле Путинмен 2017 жылы, желтоқсан айында Мәскеуде кездескен еді.

Асхан Қасанғалидің ФБ парақшасынан
30.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 716
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 628
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 638

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8774
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8174
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11403
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9157
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10388