⚡️Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды

⚡️Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды

🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде мектеп инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1120 мектеп салынды. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны мен оқушы орындарының тапшылығы төрт есе, ал апатты мектептер саны екі есе қысқарды.

🧪Негізгі жобалардың бірі - «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Еліміз бойынша 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салынды, оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл мектептерде STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, коворкингтер, хореография және спорт залдары қарастырылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта жасалған.

🪙Сонымен қатар білім беру инфрақұрылымын дамытуға мемлекетке қайтарылған активтер бағытталуда. 2023 жылы құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 нысанның құрылысы қаржыландырылды. Оның 83-і пайдалануға берілді, тағы жетеуін жыл соңына дейін ашу жоспарланып отыр.

🔔Жаңа мектептер салумен қатар қолданыстағы білім ошақтары да жаңартылуда. Соңғы бес жылда 5026 мектеп жаңғыртылып, 4,5 мыңға жуық мектеп 7009 заманауи пән кабинетімен жабдықталды.

🔧Алдағы үш жылда тағы 1300 мектепті реновациялау жоспарланған. Оның 820-сы ауылдық жерлерде орналасқан. Жоба ғимараттарды күрделі жөндеуді, пән кабинеттерін, кітапханалар мен асханаларды жабдықтауды, спорт залдарын жаңартуды, аумақты абаттандыруды және қауіпсіздік жүйелерін күшейтуді қамтиды.

🚧 2026 жылы 60 мыңға жуық оқушы орнына арналған тағы 101 мектеп салу жоспарланып отыр. Негізгі мақсат - оқушы орындарының тапшылығын жүйелі шешіп, қала мен ауыл балаларына бірдей заманауи білім алу жағдайын жасау.

_____________________

 

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website

22.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27127
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26629
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43955
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39720
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44297