«S.O.S» ДРАМАСЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

«S.O.S» ДРАМАСЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Астанада Музыкалық жас көрермен театрында жазушы, драматург Мадина Омарованың «S.O.S» атты драма жанрындағы қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

Спектакль қалада «Заң және тәртіп» қағидасын, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі «Астана – есірткісіз қала» акциясын іске асыру аясында сахналанды.

Мұнда есірткі шырмауына түскен жастардың тағдыры баяндалады. Басты рөлдегі Айбар жұмыс таба алмай қиналып жүргенде, есірткі сататын жігіттерге жолығады. Сөйтіп, жеңіл ақшаның соңынан кетеді. Осылайша, ұйып отырған бір жанұяның шаңырағы зардап шегеді. Қойылымда басты кейіпкер Айбар рөлінде Бибол Байғараев, Абзал Арапов, Айбарша рөлін Аружан Бағзат пен Арелана Амангелдиева сомдады. Ал анасының рөлін «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар мен Ақниет Замзат орындады.

Оның қоюшы режиссері – мәдениет саласының үздігі Аман Ғұмаров.

Драмада қоғам дертіне айналған нашақорлық баяндалады. Театр ұжымы тағдыр тәлкегіне түсу әп-сәтте, адамзат тарихындағы қасіреттерді көбейтуші, адамды аздырушы апиын екендігін көрерменге жеткізе білген.

«Спектакльде бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі қозғалады. Оқиға бір отбасының айналасында болған мәселемен өрбиді. Олар қиындыққа төтеп беруге тырысады. Алайда амалдың, қаражаттың жоқтығынан қиындыққа тап болады. Басты мақсат – мұндай мәселенің алдын алу, оны болдырмау.

Көрерменге арзан ақшаның артында әрқашан қиындық тұратынын жеткізу», – деді спектакльдің қоюшы режиссері, мәдениет саласының үздігі Аман Ғұмаров.

 

14.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20001
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19819
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34968
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33529
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37343