Стамбулда түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтауға арналған ауқымды халықаралық жоба аяқталды

Стамбулда түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтауға арналған ауқымды халықаралық жоба аяқталды

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бастамасымен, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің, сондай-ақ Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) және Түркі әлемі қорының (TDV) қолдауымен ұйымдастырылған «Түркі әлемінің реставрациялық және консервациялық зертханалары желісі» атты халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы Стамбул қаласында өз жұмысын жалғастырды. 

Анкара мен Стамбулда жеті елдің мамандарын біріктірген жоба археометрия, сәулет ескерткіштерін қорғау және суасты археологиясы салаларында Түркияның техникалық тәжірибесін қатысушы елдермен бөлісуге бағытталды. 

Бағдарлама аясында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан елдерінен келген мәдени мекемелер өкілдері, ғалым-зерттеушілер мен сарапшылар баяндама жасап, түркі мұрасын сақтау саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. 

Бағдарлама Үмрание ауданындағы тарихи Хекимбашы аңшылық үйінде өткен жұмыс семинары және сертификаттар табыстау рәсімімен қорытындыланды. 

Жабылу салтанатында сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова бұл бағдарламаның түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң екенін атап өтті. Ол реставрациялық және консервациялық зертханалардың сәулет ескерткіштерін, тарихи артефактілерді және жалпы мәдени мұраны сақтаудағы шешуші рөлін атап өтіп, мұндай бастамалар түркі әлеміндегі тұрақты ынтымақтастыққа берік негіз қалайтынын айтты. 

Қор президенті сондай-ақ Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігіне, TİKA-ға, Түркі әлемі қорына және бағдарламаны жүзеге асыруға үлес қосқан барлық серіктестерге алғыс білдіріп, болашақта осындай жобаларды жалғастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. 

Іс-шараға TDV Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нәби Авжы, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Гөкхан Язгы, түркі әлемінің түрлі өңірлерінен келген мәдени мұра саласының сарапшылары, Түркияда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

18.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 178

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23507
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23166
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39492
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36656
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40804