Шу ауданында радиация бар ма?

Шу ауданында радиация бар ма?

«Шу ауданында радиация бар ма?» деген мақсатпен мамандар аталған ауданда тексеріс жүргізіп, оның нәтижелерімен бөлістіСарапшылар Жамбыл облысының Шу ауданындағы топырақ, су және ауа жағдайын тексерген болатын.

Тексеріс нәтижесі – радиациялық фонның артуы жоқ, ал барлық көрсеткіштер норма шегінде немесе нормадан әлдеқайда төмен екенін көрсеткенНәтижесінде «Республикалық Радиологиялық Орталық» ЖШС мамандары «Қазақмыс» жергілікті тұрғындарға радиациялық зиян келтірмейді деген қорытынды жасады.

Республикалық денсаулық сақтау мен онкология және радиология институты мамандарының мәліметіне сәйкес, Жамбыл облысында жалпы онкологиялық аурулардың азаюы байқалады. Бұған 2015-2021 жылдар аралығындағы көрсеткіштер дәлел. Мәселен, 2015 жылы облыста 100 мың адамға шаққандағы қатерлі ісік ауруы 142,5 адамды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 122,7 адамды құраған. Сонымен қатар, соңғы 6 жылда өлім-жітім көрсеткіші де төмендеген.

Радиологиялық тексерудің жүргізілуіне «Қазақмыс» компаниясы бастамашы болды. Бұған дейін Шу ауданындағы мыс алпауытының кәсіпорындарында радиациялық фон шамадан асып кеткендігі және зиянды сәулелер жақын маңдағы елді мекендерге таралуы мүмкін екендігі туралы ақпарат пайда болған болатын. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын тәуелсіз сарапшылар анықтауы тиіс еді. Айта кетейік, тексеру кезінде олардың жанында әкімдік, «Қазақмыс», қоғам өкілдері, аудан депутаттары мен ауыл ақсақалдары болды.

Қалалардағы радиацияны өлшеу – «Қазақмыс»тобының тұрақты практикасы және оны тұрақты негізде жүргізеді. Өйткені, «Қазақмыс» –  әлеуметтік бағдарланған компания және өз қызметкерлерінің де, қатысатын өңірлер тұрғындарының да өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

​​​​​​«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС

баспасөз қызметі.

​​​​​​«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.
02.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5103
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5266
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20225
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18870
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22327