ШУ ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

ШУ ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

Бүгін Шу қаласында “Халыққа арналған цифрлық кеңсенің” ашылу салтанаты өтті. Оған ақсақалдар мен қала тұрғындары, халық қалаулылары және мекеме қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков қала тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен бірге, шулықтардың қуанышын “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жандос Болатұлы да бөлісіп, өзінің жылы лебізін жеткізді.
Цифрлық кеңсе қоғамның сұранысына сай соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Мұнда түрлі қызметтер топтастырылған. Олардың қатарында кеңес беру, өз-өзіне қызмет көрсетуден бөлек, ана мен бала және кросстық бөлмелерді де атап өтуге болады. Осылайша, жергілікті халықтың көптен бергі тілегі орындалып отыр. Бұл өз кезегінде қаладағы 40 мыңға жуық тұрғынның түрлі мемлекеттік қызметтерді аудан орталығына сабылмай-ақ қол жеткізуіне жол ашады.

 

Шу ауданы әкімдігі
20.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5072
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5237
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20197
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18842
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22297