Суармалы су мәселесі шешілетін болды.

 Суармалы су мәселесі шешілетін болды.

Сейсенбі, 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Жиынды Комитет төрағасы Александр Александрович Милютин ашты.

Отырысқа депутаттар – Экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшелері мен Экология, геология және табиғи ресурстар, Энергетика, Қаржы министрліктерінің басшылығы қатысты, сонымен қатар 50 қатысушы «онлайн режимде» жұмыс істеді. Отырыста 2022 жылға арналған Республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы қаралды.

 

Бюджет жобасында Қазақстанда суармалы сумен жабдықтау жүйелерін қаржыландыру қарастырылған.

 

Жамбыл облысындағы ұзақ жылдар бойы шешімі табылмай отырған суармалы су мәселесі шешілді десе болады. Жобада Жамбыл облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін, гидротехника құрылыстарын салуға және реконструкциялауға, атап өтсек: Сарысу ауданындағы Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасын, Меркі ауданындағы Аспара, Жуалы ауданындағы Теріс-Ащыбұлақ, Қордай ауданындағы Қарақоңыз су қоймаларын және Ырғайты, Қалғұты, Ақмола жаңа су қоймаларын салуға және реконструкциялауға қаржы қаражаты көзделгенін аса қуанышпен атап өткім келеді.

 

Су қоймаларын салу Қырғыз Республикасына тәуелділікті азайтып қана қоймай, Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарында ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің өсуіне де оң әсерін тигізеді.

 

Нәтижесінде жақсы өнім, жаңа жұмыс орындары және жамбылдықтарды өз азық-түлігімен қамтамасыз етуге болады деп үміттенеміз.

 

Жиын барысында әртүрлі мәселелер талқыланып, 40-тан астам сауалға жауаптар алынды.

 

Отырысты қорытындылаған комитет төрағасы Александр Милютин депутаттардың барлық түйткілді мәселелерді бірлесіп талқылауға, оларды шешуге өз көзқарастарын ұсынуға дайын екенін атап өтті.

ҚР Мәжіліс депутаты Ильяс Буларовтың фб. Парақшасынан
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 139
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 249
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 464
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 426

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8522
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11750
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9518
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10731