Субсидияға «ауыз салған» ұрылар...

Субсидияға «ауыз салған» ұрылар...

«Жемқорлық – жегіқұрт». Қалай дәл тауып айтылған тәмсіл. Кез келген мемлекеттің кері кетуіне, экономикасының құлдырауына жемқорлық әсер етпек. Жемқорлықтың біздің елге де тигізіп жатқан зияны мен залалы шаш етектен. Қаншама ірі шенеуніктер сотталды. Үстінен іс қозғалып үй қамақта жатқандары жетерлік.  Шетел асып қарасын батырғандары да аз емес. Бірақ жең ұшынан жалғасқан сыбайлас-жемқорлықты ауыздықтау оңай шаруа болмай тұр. Енді ірі қараны асылдандыру  мен иіні түскен шаруашылықтардың еңсесін көтеруге бөлінген субсидияға қол салыпты ұрылар. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі субсидиялау бойынша бірқатар өңір әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан құралған қылмыстық топтардың әшкереленгенін хабарлады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы ауқымды операциясы нәтижесінде ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне бағынышты бөлімшелер мен ұйымдардың және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстары, ШҚО, БҚО, Атырау, Ақтөбе облыстарының әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан тұратын қылмыстық топтар әшкереленді. Олар субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқырумен айналысқан, кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара мен заңсыз сыйақы алудың жемқорлық схемасын ұйымдастырған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлделдер алынды. Қылмысқа қатысы бар 30-дан астам адам анықталды, олардың көпшілігі қазір кінәсін толық мойындап, тергеу тобымен ынтымақтастық орнатуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев. Бұған дейін хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі субсидиялау саласында кешенді талдау жұмыстарын бастады. Аталған құқықбұзушылық та сол амалдар аясында анықталып отыр.

 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660