Ақша адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл жігіттің ұлына шұғыл жүрек трансплантациясы қажет болды. Санаулы күндер ғана қалады.
Оларда мәселені шешуге ақша болмады, сондықтан әкесі жүрегін сүйікті ұлына беруге еш ойланбастан шешім қабылдады. Бірде ұлы әкесінен «Әке, менің келесі туған күніме маған не бересіз?»,- деп сұраған екен. Әкесі ұлына хат қалдырған еді, ұлы хатты алып: «Мен саған жүрек сыйладым» деген сөйлемді соңында оқыған еді.
Көзге жас алдыратын бұл оқиға көптеген адамдарға тағылымды болады деп ойлаймын. Біз қаншама ақшаны желге ұшырып жатқанымызды білеміз бе?..
Ол жігітте ақшасы болмады, сондықтан ол өзі үшін дұрыс шешім қабылдады. Әке ретінде ол ұлына соңғы өсиетін жазып қалдырды.
Бұл адам жүрегін ұлына берді:
«Сәлеметсің бе, балам. Мен саған жаңа жүрек таптым. Мен ұлыма бірнеше нәрсе айтқым келеді. Мен сенен анаңның айтқанын әрдайым екі етпей орындап жүруіңді қалаймын. Себебі ол сенің жалғыз шын досың болады.Отбасы - қымбат нәрсе. Сондай-ақ, қыздар. Сен әлі жассың. Уақыты келгенде, оларды ханшайымдардай сыйла! Өйткені олар ханшайымдар.
Егер сен қандай бір нәрсе жасаймын деп айтқан болсаң, қайткенде сөзіңде тұр! Себебі сенің әр сөзің алтындай болуы керек.
Егер ақша табуға мүмкіндігің болса, оны пайдалан. Басың иілетін уақыттар да болады. Әкең сияқты ақымақ болма. Егер сенде ақша болса, көп нәрсе оңайырақ болады.
Темекі шекпе. Ешқашан есірткі пайдаланба. Сыпайы және шыншыл болуға тырыс. Егер біреу саған зиян тигізгісі келсе, өзіңізді ер адам сияқты қорғай біл. Жаман күндер сенің тізеңді бүктірмесін.
Өмірде жақсылықтар өте көп. Мен әрқашан сен үшін осында боламын. Дәл осы жерде. Кейін кездескенше балам. Мен сені жақсы көремін...»