Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды кеңінен қанат жайдыру жұмыстары азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға барынша көңіл бөліп келеді. Мысалы 2024 жылы елімізде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде 7,5 мыңнан астам түрлі кездесулер, дәрістер, семинарлар, конференциялар мен форумдар өткізілген екен. Қатысушылардың 900 мыңнан астамы мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жастар, комплаенс-офицерлер, еріктілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қамтыған. Бұл туралы 4 наурыз күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында хабарланды.
«Маңызды бастамалардың қатарына азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жемқорлыққа қарсы ойлауды ынталандыруға бағытталған республикалық деңгейдегі 16 іс-шара кірді. Өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қарсы білімі жастар арасында танымал сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы белсенділік нысандары түріндегі тәрбиелік элементтермен сүйемелденеді. Осылайша, барлық өңірлерде «Antiparacraft» квест-ойындары, зияткерлік ойындар (пікірталас, квиз, брейн-ринг форматында), сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы шығармашылық конкурстар (әлеуметтік жарнама, суреттер және т.б.) өткізілді.
Жемқорлыққа қарсы білім «Documentolog» мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы жүйесінде де көрініс тапты. Мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша онлайн оқыту курсы енгізілді және табысты жұмыс істейді, 2024 жылы 54 мыңнан астам мемлекеттік қызметші оқытудан өтіп, сертификаттар алды», – делінген таратылған ақпаратта.
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ