Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуынакедергі келтіретін, қоғамдағы әділдік пен сенімге нұқсанкелтіретін қауіпті құбылыс. Ол экономиканың өсуін тежепқана қоймай, азаматтардың заңға деген құрметінтөмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсысананы қалыптастыру – әрбір азаматтың, әсіресе жасұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілікқасиеттерін тәрбиелеуден басталады. Сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ең алдыменотбасынан бастау алады. Ата-ана балаға адал еңбек етудіңмаңызын түсіндіріп, заңды құрметтеуге үйретуі тиіс. Үлкендердің іс-әрекеті арқылы балада дұрыс көзқарасқалыптасады. Егер бала әділдік пен шындықты ерте жастанбойына сіңірсе, болашақта заң бұзушылыққа қарсы тұратынсаналы азамат болып өседі. Білім беру ұйымдарының да бұлбағыттағы рөлі ерекше. Мектептерде тәрбие сағаттары, пікірталастар, кездесулер өткізу арқылы оқушыларғажемқорлықтың зияны түсіндіріледі. Мұндай іс-шараларжастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамалдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Сонымен қатарадалдық бұрыштарын ұйымдастыру, сенім жәшіктерінорнату, ашықтық қағидатын енгізу – сыбайлас жемқорлыққақарсы мәдениетті нығайтудың тиімді жолдарының бірі.Қоғамда ашықтық пен жариялылықтың болуы да жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді. Мемлекеттікқызмет көрсетуде цифрландыру жүйесін енгізу, ақпараттыңқолжетімді болуы, халықпен кері байланыстың орнауы – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Әр азаматзаңды білу арқылы өз құқығын қорғап, әділетсіздікке бей-жай қарамауы қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл тек заңталаптарын орындау ғана емес, ол адам бойындағы ішкімәдениет пен жауапкершілік. Адалдықты басты қағидағаайналдырған қоғамда әділдік үстемдік етеді. Сондықтансыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Адал еңбек, ашықтық жәнеәділдік құндылықтарын дәріптеу арқылы ғана бізжемқорлықсыз болашақ құра аламыз.















