Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы азаматтық қоғам өкілдері мен белсенді жастардың қатысуымен «Antikor» орталығында өткен жиында хабарлады.
Агенттік тарапынан бастау алған жобаның мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Қоғамдық бақылау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру;
- Probono еріктілік (кәсіби көмек көрсету);
- Корпоративтік еріктілік.
Бүгінгі іс-шара барысында жобаның презентациясы ұйымдастырылып, жобаға қатысуға ниет білдірген жастардың тізімі жасақталып, жоба аясында алғашқы жұмыстарға бастау берілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Жамбыл облыстық филиалы, «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері, Жамбыл облысындағы волонтерлық ұйымдарының мүшелері мен белсенді жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлім басшылары мен жастар ресурстық орталықтарының басшылары онлайн форматта қатысты.
Жиында сондай-ақ волонтерларды тіркеу департамент тарапыпан жүзеге асыралытыны туралы айтылды. Ол үшін волонтер болуға ниет білдірген кез келген азамат Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Айтиев 40 мекен-жайына келіп тіркелуге, немесе департаменттің taraz@аnticor.gov.kz электронды поштасына толтырылған өтінімді жолдай алады.
Волонтерлер өздерінің мүдделеріне және олар жүзеге асыратын қызмет түріне қарай жеке іс-шараларды немесе жобаның бағыттарын таңдай алады. Жоба волонтерлерінің құқықтары мен міндеттері «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Біз бірге қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша жұмыс істейтін боламыз.
Құрметті облыс тұрғындары, аталған жоба аясында сіздерді жемқорлыққа қарсы күреске қатысуға шақырамыз!
Толық ақпарат алу үшін сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/502384?lang=kk