Риддер қаласына барып, жылу электр орталығындағы ахуалымен танысқан аймақ басшысы Даниал Ахметов: «Орталық басшылығының жауапсыздығынан өткен жылдың қараша айынан бері орталықта апатты жағдайлар бірінен соң бірі болып жатыр. Олар 4 жыл бойы ештеңе істемеген. Мемлекеттік органдарды жалған анықтамалармен алдап келген. Багер сорғысын екі рет су басты, электрмен жабдықтауда ақаулар шықты. ЖЭО-да бірінші апатқа дейін мемлекет талап ететін 75 жұмысшының орнына 29 адам ғана жұмыс істеген. Қазір онда 150-ге жуық адам тәулік бойы еңбек етуде. Былтыр қараша айында алғаш рет апат болған кезде біз басқа кәсіпорындар мен жылу электр орталықтарынан 160 маманды тартып, қалпына келтіру жұмысын қолға алдық. Өте мүшкіл халде болған жоғары қысымды 2 қазандықты қысқа уақыт ішінде жөндеп шығардық. ЖЭО иелері бұл қазандықтарды жөндеуді мүлде ойламаған. Тіпті олар көмір ақысын төлеуден де бас тартқан. Соған қарамастан, Қаражыра кен орны әкімдік кепілдігімен көмір жеткізуді тоқтатпады. Қазір орталықтың көмір үшін қарызы 1 млрд 350 млн теңгені құраған. Жылу температурасы төмендеп кеткені үшін Риддер халқынан кешірім сұраймын. Бұл тұрғындар үшін тікелей маңызды осындай нысан иелерінің олқылықтарына жол беріп отырған заңдағы кемшіліктерден туындады деуге де болады. Президенттің тапсырмасымен құзырлы министрлік тарапынан заңға өзгерістер енгізіліп, бізге ЖЭО жұмыстарын талапқа сәйкес бақылауға мүмкіндік болады деп сенемін», – деді.
Еске салсақ, кеше Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын. Қызыл жалын бірнеше сағатта ауыздықталды. Отқа оранған көмір цехы үш күнде қалпына келтірілетіндігі хабарланды. Қазір жылу электр орталығының басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.