Өскемен қаласындағы «Алтай» көтерме-тарату орталығында Риддер қаласының тауар өндірушілерінің қатысуымен облыстық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына Риддер қаласында өсірілген және өндірілген жаңа, табиғи әрі экологиялық таза өнімдердің кең таңдауы ұсынылды. Барлық тауарлар өндірушілерден тікелей төмен бағамен сатылуда.
Риддер қаласынан жәрмеңкеге жергілікті фермерлер мен кәсіпкерлер өз өнімдерін алып келді. Олардың арасында 100 келідей дәмді, өз қолымен өндірілген шұжық және ірімшік өнімдерінің кең ассортиментін ұсынған жеке кәсіпкер де бар. Риддерлік өндірушілер дәстүрлі түрде өнім сапасының жоғарылығымен, істің егжей-тегжейіне мән беретін ықыласты көзқарасымен және экологиялық тазалық принциптеріне адалдығымен танымал.















