Шығыс жайлы білгір ғұлама

Шығыс жайлы білгір ғұлама

Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі – еліміз өз егемендігін алып, өзге елдермен терезесі тең ел болғалы жоғалғанымызды іздеп-тауып, көміліп, өшкенімізді қайта жаққан – ғылым шырақшысы. Шығыс – мәдениеті мен тарихы зерттеп-зерделеген білгір ғұлама ғалымның Орта Азия халықтары мен күллі қазақ еліне, құнды мұраларын қалдырған, ғалымның үлкен еңбектерімен танысу өте маңызды. Біз үшін және келер ұрпақтың, салихалы тәрбие алып, өсіп келе жатқан жастарымыздың, ибалы да, инабатты болып өсулеріне әсер етеді деген кәміл сенімім бар. Бүгінгі таңда сіздермен біздерге, рухани қазынаға бай, азық болады деген ниетпен, ғалым еңбектерімен таныстыруды мақсат  еттім.

Араб әдебиеті (1982), «Шыңырау бұлақтар» (1983), «Шығыстың жарық жұлдыздары» (1995), «Ислам және заман» сұхбаттар мен мақалалар қолжазбалар мен зерттеулер (2003), «Исламның жауһарлары мен жәдігерлері» (2008) Ислам әдебиеті мен мәдениетінің тарихи ескерткіштері кейінгі үздік үлгілермен қазақ ғылымында арнайы алғаш рет зерттелді. Әбсаттар Дербісәлінің еліміздің білімі мен ғылымы, әдебиеті мен өнері, мәдениет тарихының алатын орны ерекше.

Әбсаттар Дербісәлі ұзақ жылдар зерттеудің нәтижесінде, «Шығыстың жарық жұлдыздары» деген зерттеу-еңбегінде «Отырар шаһарынан 30 Фараби шыққан» деген мәліметтер келтіреді. Ғалымдар арасында 870-950 жылдары өмір сүрген, Әбу Насыр Әл-Фараби бірінші болып тұр. Әл-Фарабидың жеті-сегіз трактаты жарыққа шықты. Ғұлама ғалым Әбсаттар Дербісәлі «Халық тарих толқынында» атты бағдарлама аясында «түрік елінің кітапханасынан, елімізге Әл-Фарабидің жетпіс сегізге жуық трактаты біздің ғылыми кітапхана қорына қосылды. Әбу Насыр әл-Фараби ғылымның барлық саласын қамтыған тұлға. Сондықтан, қазіргі білім ордасына айналған ҚазҰУ-не ғұлама есімі берілуіне белсенді жұмыс атқардым. ХI-XII ғасырдан ары қарай әл-Фарабилер өмір сүрген, Отырар қаласы Фараб деп аталып, осы шаһардан шыққан ғалымдар өздеріне Фараби есімдерін қойған». Әл-Фараби ат Түркістани әл Иқани ғалымның көптеген шығармаларын тауып трактаттарын араб тілінен қазақшаға аударды.

Жүсіп Баласағұн (1021-1075) ақын, ғұлама ғалым терең ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері, туған жері Жетісу жеріндегі сол кездегі Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында, дүниеге келген. Музыкадан хабары бар әкесі хан сарайында қызмет еткен. Осы хан сарайында жүріп, қоғамдық жаратылыстану ғылымдарын меңгеріп, білім алады. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де танытқан үлкен еңбегі, «Құтадғу білік» «Құтты білік» поэмалық дастаны. Бұл еңбек, көне түрік тілінде жазылған жалпы түркі тілді халықтарының ортақ қазынасы. 

Биыл еліміздің тәуелсіз ел болып қалыптасуына 30 жыл. Осы уақыт ішінде, бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткеріп, адам танымастай өзгерді. 30 жыл ішінде Отандық тарих ғылымының жеткен жетістіктері ұшан-теңіз. Соның бірі орта ғасырлардағы XV-XVIII ғасырлардағы, үш кезеңді қамтитын қазақ хандығы дәуірін зерттеуде, қазақ ғылымы мен мәдениетінің  қалыптасуына зор үлкен үлес қосқан, майталман ғалым, халқымыздың тұңғыш тарихшысы, «Тарихи и Рашиди» атты ғылыми классикалық еңбегімен танылған – Мұхаммед Хайдар Дулати.

Орталық Азия халықтарының орта ғасырлардағы тарихы, этнографиясы, географиясы әдебиеті мен мәдениеті жайлы өзі көрген, басқа да жайттарды баяндайтын Мұхаммед Хайдар Дулати 1499-1500 жылы Ташкентте дүниеге келді. Анасы жағынан ұлы қолбасшы Темірлік, Захир ад-дин Бабырдың туған бөлесі 1508 жылы әкесі қайтыс болады. Одан кейін Солтүстік Үнді жеріндегі Бабырдың ұлдарына келеді де, 1540-1551 жылдары Кашмир өлкесін бағындырып, ол жақта жеке-дара 11 жыл билік құрады. 1551 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатиға қастандық жасалып, қаза болады. Қазақ тарихында «Туған жерім, қайдасың?» деп өз отанын сағынышпен аңсап кеткен.

Сұлтан Бейбарыс (1225-1277) Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Әл Мәлік Заһид Рукн – Әд-дін. Әкесі – Жамақ, анасы – Әйнек. Шыққан тегі, қазіргі Атырау, Маңғыстау облыстарын мекендейтін Қыпшақ-Беріш руынан. Жаугершілікте ата-анасынан ерте айырылған Бейбарыс Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, Дамаскінің қазіргі Сирия жерінде, жаңа иесі Айдокин Бундукдари 800 дирхемге құлдыққа сатып алады. Өзінің көрегенділігі мен қажымас табандылығының нәтижесінде, қара құлдан патшаға дейін көтеріліп,   250 жылдық тарихы бар  Мәмлүктер мемлекеті, Мысыр елін 17 жыл басқарған,  араб елінің басын біріктіріп, аты аңызға айналған Бейбарыс бабамызға жеке дара тұлға болып шығу оңай болмады. Дегенмен ақылдылығы мен ержүректілігінің арқасында, қызметтік өсуінде барлық сатылардан өте алды. Бала кезінен жырақта араб жерінде өмір сүрсе де, тілмаштар арқылы өз ана тілі қыпшақ тілінде сөйлеп өткен. Көптеген қыпшақ текті әскербасыларға Сирия мен Египет-Мысыр елдерінен, жер берді. Бейбарыс елдің әл-ауқатын көтерді. Алтын Ордамен   саяси байланыстар жүргізген. Ә.Дербісәлі аса құнды Сұлтан Бейбарыс мұрасын қазақшаға аударып, халқымыздың рухани қазынасын байыта түсті.

 Махмуд Қашқари 1029 жылы Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жаға сындағы кей деректерде (Шу бойындағы) Барсхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен, Қашқарияда, Бағдат қалаларында білім алған. Жазған еңбектері Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде шыққан. Ислам құндылықтары мен тәлімдері, әдептілік қағидалары маңызды орын алды. М Қашқари түркі әлемінің тұңғыш тіл маманы. «Диуани луғат ат-түрк» (Түркі тілдерінің тарихи диалектикасы). Өзінің философиялық ғылыми еңбегінде алғаш рет түрік мәдениеті мен салт-дәстүрлерін XI ғасырдағы материалдық мәдениетін ашып жазған.

Қазақ даласы осындай ғұламалар шыққан киелі топырақ мекені! 1970-80 жылдары Қазақ әдебиетінің көптеген өзекті мәселелерді көтерген 300-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді.                                                               

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен ондағы құлыпттастардағы жазуларды ана тілімізге аударып зерттеді. Биылғы Биылғы жылы еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық,  басты мерекесі қарсаңында Шығыс ғұламаларын іздеп  тауып, өзінің үлкен еңбектерінің ішінде, танытқан ғұлама ғалым, Әбунасыр Әл-Фарабидің  біздің мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында – сақтаулы тұрған  «Музыканың ұлы кітабы» деген еңбегіндегі, зерттеп – ойлап тапқан, музыкалық аспаптарын насихаттау, бүгінде тәлімгер Әбсаттар Дербісәлінің еңбектері, келер ұрпақ үшін, баға жетпес ұлттық құндылықтарымыз әлем елдеріне таныла берсін!

 

Шөкей Несіп, тарихшы-этнограф
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 937

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9009
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8404
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11630
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9388
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10614