Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Кәсіподақтар – еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі», – деп, әділетті әлеуметтік мемлекет құру үшін кәсіподақ қызметінің нысандары мен әдістерін үнемі жетілдіріп, әлемде болып жатқан өзгерістерге орай, тиімді іс-қимыл стратегиясын әзірлеу міндетін жүктегені белгілі. Осы және өзге міндеттерді орындау барысында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы өзіне бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеуде.
Бүгінгі таңда осы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағында 13 құрылымдық бөлімшеге біріккен 803 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс атқаруда. Оның облыс бойынша 65888 мүшесі бар. Бұл кәсіподақ ұйымдарында белсенді жұмыс жүйесі қалыптасқан.
Олар Президенттің «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» атты тұжырымдамасын басшылыққа алып, жұмыс жүйесін құрған. Осы тұжырымдаманың аясында ерекше басымдыққа ие бағыттың бірі – әлеуметтік әріптестік.
Осы әлеуметтік әріптестік аясында облыстық білім басқармасымен және аудандардағы білім бөлімдерімен келісе отырып, көп жұмыс жоспарға сәйкес жүйелі атқарылуда. Біздің алға қойып отырған басты міндеттеріміздің бірі – еңбек адамының рөлін арттыру, оның жұмысына кедергі келтірмейтін мүмкіндік жасау. Мұғалім болса жүктемесін толтырып беру, қосымша төлемдердің заң аясында төленуін қадағалау. Сондай-ақ, зейнет жасына толған педагогқа оқу жылының соңына дейін жұмыс істеп, бір лауазымдық жалақы көлемінде өтемақы алу жағын да қарастырып қойдық. Тағы бір атап өтерлігі, мәслихат шешіміне сай ауылды жерде жұмыс істегені үшін жалақысын 25 пайызға арттыру, басшылық құрамға негізгі пәні бойынша 0,5 бірлік қосымша оқу жүктемесін алып жүруге, ғимаратқа қызмет көрсетушілер мен қызметтік бөлме тазалаушыларына 30 күн еңбек демалысы мен емделу жәрдемақысы берілуіне қол жеткіздік.
Жалпы, салада атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кең. Кәсіподақ мүшелері қоғамдық жұмыстармен қатар түрлі байқауларға да қатысып, белсенділік танытуда. Атап айтсақ, өткен жылы ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Үздік ұжымдық шарт» республикалық байқауында кәсіподақтың Талас аудандық комитеті сала бойынша бас жүлде иеленіп, салааралық кезеңде де жеңімпаз атанды. Бүгінде бұл құжат Орта Азия елдері кәсіподақтарының арасында ұйымдастырылып жатқан халықаралық байқауға жолданды.
Біздің ұйымда еңбек заңдылығының орындалуына қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған пәрменді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысты тәуелсіз Қазақстан аумағында алғашқы болып құрылған Кәсіподақтық құқықтық еңбек инспекциясы нәтижелі атқарып отыр. Бүгінде кәсіподақтың әрбір мүшесі тегін сапалы заң кеңесін алу мүмкіндігіне ие. Біздің байланыс телефондарымыз әрқашан қолжетімді, әлеуметтік желінің барлығында парақшаларымыз арқылы байланысқа шығу мүмкіндігі бар. Кез келген кәсіподақ мүшесі жұмыстан қол үзбей біздің заңгерлерге жүгініп, өзінің мәселесін баяндап, жаза алады.
Мәс елен, құқықтық қызмет бойынша 2019-2023 жылдар аралығында кәсіподақ заңгерлерінің қабылдауында 14 мың сала өкілі болыпты. Оларға 45 088 құқықтық қызмет көрсетілген. Құқықтық инспекторлармен 1978 тексеру жүргізіліп, онда еңбек заңдылығын бұзудың 6214 жағдайы анықталды. Кәсіподақ мүшелеріне 3149 жазбаша түсіндірме берілсе, жеке қабылдау, телефон, электрондық пошта және БАҚ арқылы берілген кеңестердің саны 41573-ті құрады.
Бүгінге дейін кәсіподақтық инспекция қызметкерлерімен сотқа 46 материал дайындалып, 71 кәсіподақ мүше сіне түрлі инстанциядағы соттарда тегін өкілеттік көрсетілді. Сот шешімімен құқығы бұзылған 23 кәсіподақ мүшесі қайта жұмысқа орналастырылды. Ал сотқа дейінгі кезеңде оң шешімін тапқан еңбек дауларының саны бірнеше есе көп.
2015 жылдан бастап құқығы бұзылған кәсіподақ мүшелерін қорғау мақсатында арнайы өкілеттік құрылған. Олардың араласуымен жүздеген кәсіподақ мүше сінің құқығы қорғалды. Сөйтіп 2019-2023 жылдар аралығында құқығы бұзылған кәсіподақ мүшелеріне 1 миллиард 426 миллион теңге еңбекақысы қайтарылды. Бұл да кәсіподақ ұйымы үшін үлкен жетістік.
Кәсіподақ мүшелерінің білімін жетілдіру мен демалысын ұйымдастыру біздің басым бағыттарымыздың бір саласы саналады. Соңғы 5 жылда Оқу-әдістемелік орт а лығының ұйымдастыруымен 76 с еминар өтіп, 5743 сала қызметкері оқумен қамтылды. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда 23 251 сала қызметкері мен 1276 баланың демалысын ұйымдастыруға кәсіподақ бюджетінен 586, 1 миллион теңге жұмсалды. Дәстүрлі түрде шипажайларға жолдамалар беріліп, «Астана-Бурабай», «Киелі Түркістан», «Көне Тараз» тарихи- танымдық саяхаттар мен туристік маршруттар, Ыстықкөл мен Алакөл жағалауында ұжымдық демалыстар ұйымдастырылып келеді.
Басты әлеуметтік әріптес – білім басқармасымен бірге жаңа оқу жылының басталуы мен Ұстаздар күні кәсіби мереке сінде «Үздік инновациялық мектеп», «Үздік қала мектебі», «Үздік шағын жинақталған мектеп», «Үздік ауыл мектебі», «Үздік колледж» аталым жеңімпаздары мен бірқатар озық ойлы озат ұстаздарды ынталандыруға 8,5 миллион теңге кәсіподақ қаржысы берілді. Осы тәжірибе енгізілген 8 жылда 45 білім мекемесі мен ұйымы, 126 үздік ұстазға салалық кәсіподақ қаржысынан 50,5 миллион теңге ынталандыру сыйақысы табысталды.
Мұның барлығы да мұғалімге деген шынайы құрмет, шынайы қамқорлық, оның жанкешті еңбегіне деген лайықты бағалау деп білемін. Себебі ұстазын лайықты құрметтеген қоғам ғана қарыштап ілгері жылжитыны ақиқат.