Сынап едік, қорытындысы қандай? Бозымбаев Баталовтан қалған былықты жөндей ала ма?

Сынап едік, қорытындысы қандай? Бозымбаев Баталовтан қалған былықты жөндей ала ма?

 «Qazaqstan dаuiri» халықаралық газетінде 2022 жылғы 09 маусымдағы «Бозымбаев Баталовтан қалған былықты жөндей ала ма?» атты тақырыбында шыққан мақаласында Патия Халикова мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) келесіні мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының нормаларына сәйкес, Департаменттің қызметі табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы қызметті реттеуге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополиялар салаларына жатады.

2021 жылғы 1 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданының Дардамты ауылдық округі аумағында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне «Мангутов» жеке кәсіпкер Алматы облысының Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілді.

Осыған байланысты, «Мангутов» жеке кәсіпкер табиғи монополия субъектісі ретінде тарифтік ведомство бекіткен тарифпен реттелетін қызметті ұсынуға міндетті.

Департамент 2021 жылғы 6 желтоқсанда «Мангутов» ЖК үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша оңайлатылған тәртіппен тариф бекітті, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген. Орташа тарифтің құны 18,26 теңге/м3 (шығындардағы қосымша құн салығын қоса алғанда) құрайды.

Сондай ақ, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтері үшін ақы мөлшері бекітілген.

Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес, тарифтi оңайлатылған тәртiппен бекiту табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі өткеннен кейін, тариф тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданыла отырып, күнтізбелік бір жылға бекітіледі.

Табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тариф көтерілген жағдайда, уәкілетті орган жаңа тарифтерді енгізумен бір мезгілде табиғи монополиялар субъектілерінің негізсіз алған кірісін тұтынушыларға өтеу туралы шешім қабылдауға міндетті.

Яғни Департамент 1 жыл мерзім өткеннен кейін, «Мангутов» ЖК-нің тарифі қайта қаралатындығын мәлімдейді.

Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағы 5)  тармақшасына сәйкес, тұтынушы уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне табиғи монополия субъектісімен жеке шарттар жасасуға міндетті.

Алайда Департамент бүгінгі күнге дейін азаматша Патия Халикова және «Мангутов»    ЖК-мен реттеліп көрсетілетін қызметке жеке шарт жасамағанын атап көрсетеді. 

 

 

 

Департамент басшысы А. Сагымбеков
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762