Талантты бала – Асылхан

Талантты бала – Асылхан

Асылхан АРТЫҚБАЙ, 7 жаста, Талғар ауданы, Еркін ауылы №26 ЖББ орта мектептің 3 «Ғ» сынып оқушысы, сурет салғанды өте жақсы көреді. 

Ұстазы – сурет пәнінің мұғалімі Ленжан Дина Рахымжанқызы.

Сондай-ақ Асылхан спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.  Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті «Rangers» спорттық кешенінде  футбол ойнайды.

«Талант» өнер орталығына қатысып, қолөнер мен суреттен бас жүлде, І орын иегері атанып жүрген талантты бала. Биылғы жылы 27 мамырда Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласына барып, бағын сынауға  жолдама алды.  Ұлымен бірге сол  жаққа барып келген анасы Меруерт Ерболқызы: «Асылхан Ташкенттен де Гран-при жеңіп алды. Енді ол Түркия елінің Стамбул қаласына баруға жолдама алды. Біз бұл жеңіске өте қуаныштымыз!» – дейді қуанып.

Талантты бала Асылханға «Талабыңа нұр жаусын, әркез қылқаламыңнан ешкімге ұқсамайтын тосын да тың дүниелер туа берсін!» – демекпіз.

10.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16518
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16370
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31545
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30164
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33757