«Tanym CUP» пікірсайысы

«Tanym CUP» пікірсайысы

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Діндерді зерттеу орталығы» 28-29 қыркүйек аралығында жастар арасында «Tanym CUP» республикалық пікірсайыс турнирін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында дін тақырыбындағы өзекті мәселелерді анықтап, діни экстремизммен күресу және сыни ойлау дағдысын қалыптастыру арқылы дін саласына деген қызығушылығы мен жанашырлығын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік желіде интеллектуалды жастар ойынымен зайырлылық қағидаттарын насихаттау.

Пікірсайыс турнирі «Назарбаев Университетінде» қазақ, орыс тілдерінде өтіп, іріктеу кезеңі мен плей-офф кезеңінен тұрды. Іріктеу кезеңі «Британиялық Парламенттік Формат (БПФ)» форматында өтетін төрт іріктеу раундынан, плей-офф кезеңі «Америкалық Парламенттік Формат (АПФ)» форматында өтті. Турнирге республикамыздың барлық аумағынан 18-30 жас аралығындағы 96 адам, оның ішінде 60 тіркелуші өзге аймақтан қатысты. Қатысушы командалар саны: қазақ тіліндегі лига – 32, орыс тіліндегі лига – 16. Сонымен қатар бұл турнирде ең жоғары ұпай жинаған екі спикер арасында финалдық ойын өткізіліп, турнирдің «Үздік спикері» анықталды. Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында 1-орынды «Кешіріңдерші» командасы (Айдана Жарылқасын, Дәулет Нұркен), 2-орынды «501-легион» (Шыңғыс Теңсізбек, Аслан Төрехан), алса, 3-орынды «who’s done A» (Айбике Жағыпарова, Элина Амурлаева) фракциясы иеленді. Ал «Үздік спикер» аталымын Алтынай Заманбекова иеленді. Орыстілді лиганың қорытындысы бойынша 1-орынды «Жылап ал, айналайын» (Әйгерім Айбасова, Димаш Сағатбеков), 2-орынды «Консервативный Кальянс» (Нұрлан Мұратбек, Аслан Әбілқайыров) командасы иеленді. 3-орынды «Путь дебатера – это бан» (Артем Посвежинский, Дмитрий Беседин) командасы иеленді. Орыстілді лиганың үздік спикері Аслан Әбілқайыров атанды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 2 140 000 теңгені құрады. Оның ішінде I орын иегерлеріне – 500 000 теңге, II орынға – 300 000 теңге, III орынға – 200 000 теңге, турнирдің үздік спикерлеріне 70 000 теңгеден берілді.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
03.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 549
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 552

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20874
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20657
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35791
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34311
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38193