"Бақытты болашақ" оқушылар сарайында «Тараз-қауіпсіз қала» концепциясын іске асыру барысы мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі мекеме аралық кеңес өтті.


- Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде жасөспірімдер құқық бұзушылығы мен оларға қатысты жасалатын қылмысқа қарсы күрес күшеюде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та биылғы Жолдауында осы мәселеге баса мән берді. Бұл бағытта шаһарда атқарылған жұмыстар аз емес. Дегенмен, әлі де олқылықтар бар екенін жасыра алмаймыз. Сондықтан бүгін сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, кемшіліктерді саралауға жиналып отырмыз, - деді қала прокуроры.



- Біз үшін әрбір баланың қауіпсіздігі маңызды. Мұны мектеп басшылары да, ата-аналар да жете түсінуі керек. Алайда, кейбір кезде осыны жете ұғына алмай жатамыз. Салдарынан жасөспірімдеріміз қылмысқа бой алдырады. Көп жағдайда мұның барлығы немқұрайлылықтан орын алатыны жасырын емес. Сондықтан бұл мәселеде барынша қырағылық танытып, бірлесе шешкеніміз жөн, - деген шаһар басшы бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.
