🔰Таразда 42 аялдама пайдалануға берілді

🔰Таразда 42 аялдама пайдалануға берілді
🔹Бүгінде Тараз қаласында қоғамдық көліктердің қатары артып келеді. Бұл өз кезегінде аялдамаларға деген сұранысты молайтары сөзсіз. Сондықтан облыс орталығында осы бағытта атқарылып жатқан оңды істер аз емес.
Айталық, ағымдағы жылы қала аумағына 36 дана аялдама орнату үшін 95,2 миллион теңге қаржы қаралған болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «RusStroy» ЖШС-мен 21 аялдама орнату үшін құны 32,5 миллион теңгеге, ал «Строительная компания NSN» ЖШС-мен 15 аялдама орнатуға 28,6 миллион теңгеге шарт жасалып, барлық тиісті жұмыстар атқарылды.
📌Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама да толықтай жаңартылды. Атап айтсақ, «Шөлдала» алқабы аумағында – 2, «Көктем» алқабының Әбішев көшесінде – 2, Киікбаев көшесінде – 1, «Тектұрмас» алқабында 1 аялдама жаңаланып, тұрғындар игілігіне қызмет етуде.
Тараз қаласының әкімдігі
20.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5335
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5492
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20460
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19091
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22552