ТАРАЗДА ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТАРАЗДА ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
🔰 «Қазақстан халқына» қорының бастамасымен Тараз қаласында ерте араласу орталығы ашылды. Аталған орталық Жамбыл облысы әкімдігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және “Қамқорлық” қорларының қаржыландыруымен іске қосылды.
📍Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында ашылған орталықтың ашылуына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқорлық кеңесінің мүшесі Эльмира Алиева, “Қамқорлық” корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
❗Орталықтарда оңалтушы дәрігер, арнайы педагогикалық, невролог, емдік-денешынықтыру нұсқаушы, эрготерапев, логопед жұмыс істейді. Мамандар әрбір нәрестемен жеке айналысып, қоғамға бейімдеу бағытында қызмет көрсетеді. Балалар озық үлгілі арнайы жабдық арқылы диагностикалық аудиологиялық және ми тексеруінен өтеді.
✅ Үш айдан үш жасқа дейінгі дамуында кінәраты бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығында жыл сайын 600 ерекше балаға оңалту шараларын жүргізіледі деп көзделуде.
Тараз қаласының әкімдігі
01.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 720

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19646
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19458
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34582
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33149
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36969