Таразда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионаты басталды

Таразда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионаты басталды

Тараз қаласында өздерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза болған өрт сөндіруші-құтқарушыларды еске алу мақсатындағы Қазақстан Республикасының Өрттен құтқару спорты бойынша ХХІХ ерлер арасындағы және ІХ әйелдер арасындағы жазғы чемпионатының ашылуы өтті.

Шара барысында алдымен барлық командалар мен олардың жетекшілер, жаттықтырушылары таныстырылып, жиналғандар қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза болған өрт сөндіруші-құтқарушыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Чемпионаттың ашылу салтанатында сөз алған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов шараның маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Өзгелер үшін өз басын қатерге тігіп, мамандыққа деген адалдығын танытып жүрген кез-келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар – бейбіт күннің батырлары!

Асқан жылдамдық пен жоғары кәсіби шеберлікті талап ететін құтқарушы мамандығының ең басты міндеті – адамдар өмірін құтқару! Олардың әрбір жедел әрі табысты әрекетінің артында сан мыңдаған құтқарылған өмірлер тұрады.

Осы орайда, халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеуде аянбай тер төгіп жүрген құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге ризашылығымды білдіремін!

Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың материалдық жағдайын жақсартуға барынша көңіл бөлінуде. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да төтенше жағдайлар қызметіне тиісті қолдаулар жалғасатын болады. Сіздер де өздеріңізге артылған жауапкершілік пен міндетті сезіне білесіздер деп сенемін!

Бүгінгі чемпионатта өздерінің анттарына адал болып, өзге жандардың өмірін сақтау жолында жанқиярлық танытып, қызмет бабында орны толмас қазаға ұшырап, ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші-құтқарушыларды құрметпен еске алып, есімін ескеру – борышымыз,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, «Қазақстандық өрт сөндірушілер және құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Дәурен Данаев та өз құттықтауын білдірді.

Айта кетейік, дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген барлығы 34 команда, атап айтқанда, ерлер арасында 20 команда, әйелдер арасында 14 команда қатысуда.

Апта соңына дейін созылатын сайыс оқу мұнарасының 2-ші және 4-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, өрт сөндіру эстафетасы, жауынгерлік дайындық секілді өрт сөндіру-құтқару спортының төрт түрі бойынша өтеді.

Чемпионат қорытындысымен ҚР Ұлттық құрама командасын жасақтау үшін үздік спортшыларды анықтау, оларды ұлттық құрама командасының құрамына резервке қосу үшін іріктеулер жүзеге асады. Іріктелген команда ағымдағы жылдың тамыз айында Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында өтетін Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатына қатысатын болады.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі
18.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626