Таразда қалалық көпсалалы ауруханасының хирургтары асқазан-ішек жолдарының сирек патологиясымен ауыратын пациентке өмір сыйлады

Таразда қалалық көпсалалы ауруханасының хирургтары асқазан-ішек жолдарының сирек патологиясымен ауыратын пациентке өмір сыйлады
Таразда қалалық көпсалалы ауруханасының хирургтары асқазан-ішек жолдарының сирек патологиясымен ауыратын пациентке өмір сыйлады
Өз тәжірибесінде хирургтар әртүрлі клиникалық жағдайлармен, соның ішінде сирек кездесетін аурулармен жиі жұмыс істейді. Көп жағдайда, 0,9-5,8% адамдардың асқазан-ішектерінен жаппай қан кетудің себебі - Дьелафуа жараларының әсерінен болады. Бұл патология асқазанның шырышты қабатының тамырларының дамуындағы аномалиямен көрінетін генетикалық анықталған ауру болып саналады. Сонымен қатар, сарапшылар бұл жараларды емдеу - шұғыл хирургиялық араласуды қажет ететінін атап өтті.
Қаңтар айының басында қалалық көпсалалы ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне Тараз қаласының тұрғыны келіп түсті. Науқастың айтуы бойынша, ол ауруханаға келерден 2-3 сағат бұрын өзін нашар сезініп, қан құсу, қара нәжіс, қатты әлсіздік, бас айналу белгілерін сезінген. Уақыт созып жүре берген соң, жағдайының нашарлауына байланысты жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады. Қалалық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілген пациентті қараған хирург пен терапевт оны ер хирургиялық бөлімге жатқызып, медициналық талдау-сараптаудан өткізе бастайды. Нәтижесінде, шұғыл хирургиялық ота жасау жоспарланады.
Хирургия меңгерушісі Ғабиден Рахымжанның айтуынша, FGDS кезінде асқазанның кардиальды бөлімінде жара анықталған, сол жерден қан кеткен. Сондықтан, ол шұғыл түрде ашық операцияға қабылданды, яғни лапаротомиямен гастротомия жасалды. Мұндай жағдайда, асқазан толық ашылып, жараның орны тігіледі. Екі күннен кейін реанимациядағы науқаста қан кету қайталанған. Эндоскопиялық тексеру жүргізіліп, асқазан қанмен толтырылғандықтан және жағдайдың ауырлығына байланысты шұғыл түрде қайта ашық хирургия жасалынған. “Бұл процесте тағы бірнеше қан кететін жаралар табылып, олар тігілген”,- дейді эндоскопиялық хирург.
Ғ. Рахымжанның айтуынша, екінші операциядан кейін науқасқа сирек кездесетін ауру - Дьелафуа синдромы қойылған. Ол кеңес алу үшін осыдан бірнеше уақыт бұрын Таразда шеберлік сабақтарын өткізген мәскеулік әріптесі, дәрігер-гастроэнтеролог, эндоскопист, профессор Петр Щербаковқа және А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының клиникалық физиология және эндоскопия бөлімінің жетекшісі Ерлан Әбдрашевке жүгінгенін айтады. Олар диагнозбен келісіп, өз ұсыныстарын айтып, бұл өте сирек кездесетін жағдай екенін айтыпты.
Төртінші күні екінші операциядан кейін науқастан қайтадан қан кете бастапты. Эндоскопиялық тексеру кезінде жалаңаш, қан кететін тамырлар табылған. Тамырлар кесіліп, қан тоқтағанымен, келесі күні қайта қарау кезінде жаңа қан тамырлары анықталған. Науқасқа екі ашық ота және екі эндоскопиялық операция жасалған соң, қан кету толығымен тоқтапты.
Клиникалық көрініс негізінде диагноз расталып(Диелафуа синдромы), профузды қан кетумен асқынған, сондай-ақ ауыр дәрежедегі постгеморрагиялық анемия да пайда болған.
Науқас 26 күн емделді. Операциядан кейінгі кезең өте ауыр болды, жан сақтау бөлімінде 13 күн болып, қан кетудің бірнеше рет қайталануы байқалған. Қан кетудің қайталанбауы үшін оған екі рет операция жасалыпты. Эндоскопиялық гемостаз бірнеше рет қайталанған. Бірінші операциядан кейінгі 13-ші күні ол хирургия бөліміне ауыстырылып, онда емдеу жоспарына сәйкес терапия алған. Емдеу аясында қан тоқтап, жағдайы жақсарыпты.
26-тәулікте қанағаттанарлық жағдайда науқас тұрғылықты жері бойынша емханада ем қабылдау үшін хирург пен гастроэнтерологтың бақылауымен үйіне шығарылды.
Дьелафуа жарасы сирек кездесетін және қауіпті жағдайлардың бірі болып табылады. Жамбыл облысында мұндай диагноз алғаш рет қойылды. Сондықтан, асқазаннан қан кетудің мүмкіндігіне шамалы күдік болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігердің көмегін алуға тырысу қажет.
Бүгінде Тараз хирургтары асқазанға эндоскопиялық операциялардың күрделі түрлерін өздері жасай бастады.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 155
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 153
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 263
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 476
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 438

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11763
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9530
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10743