🔰 Таразда заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынуда

🔰 Таразда заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынуда
🔹 Қаладағы кез келген нысан шаһар көркіне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Әсіресе, заңсыз салынған құрылыстар, бейберекет орналастарылған дүңгіршектер шаһардың шырайын қашырады.
🔹 Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жер қатынастары бөлімдерінің бірлесуімен өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және заңсыз салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын.
📌Бүгінде жұмыс жоспарына сәйкес мамандар қаладағы 89 дүңгіршекке зерделеу жүргізді. Нәтижесінде 56 дүңгіршектің заңды орналасқандығы анықталды. Ал, 23 дүңгіршек заң талаптарына сәйкес келмегендіктен алынды. Сондай-ақ 10 дүңгіршекті өз еркімен алып тастау туралы нысан иесіне ескерту берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.
 
Тараз қаласының әкімдігі
07.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13978
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13924
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29062
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27715
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31230