Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың назарына!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Қайбір замандарда жер-жаһанымыздағы өркениеттердің бірегейі болған Түркі өркениетінің жұрнағы, Қазақ елінің көшбасшысысыз! Елбасы тапсырған ел тізгінін әрі қарай да берік ұстайтыныңызға сеніміміз мол. Сізді текті, бойында рухы бар зиялы бабалардың ұрпақтары қатарында көріп, танып келеміз. Мирастан мақұрым болып, өз тауарихындағы өткен шындықтарды айта алмай кеткен бабаларымыздың арман-мақсаттары айтылар шақта ел тізгінін ұстау бақытын өзіңіз иеленіп отырсыз.
Тарихымыз сыртқы күштердің қолымен бұрмаланып, әлі күнге солардың шайнап бергенін өмірімізге өзек етіп келеміз. Түркі өркениетін өздері құлатпаса да, өздігінен тоқыраған оны қайта бас көтере алмастай қылып, қилы бағытқа бұрып жібергенін өкінішпен айтып жеткізгім келеді. Дәл осы бағытта кете берсек, ширек ғасырда тіліміз бен дәстүрімізді көрге көмеріміз айдан анық. Мемлекеттік аппарат бірінші кезекте тарих ғылымына жұмыс жасау керек. Еліміздің басты ғылыми ошақтарындағы тарих мамандары білімдерінің сапасы сын көтермейді. Сырттан алдырылған мамандар ел тарихына қарсы жұмыс жасау үшін отырғандар. Өз басымды үлкен қауіпке тіге отырып, сізге осы шындықты баспасөз арқылы жеткізуге шешім қабылдадым. Соңғы он жылдықта ізіне түсіп, зерттеу нәтижесінде, тарихымыздың реконструкциялану себептерін кезең-кезеңімен бөліп қарап шығып, бұл орасан жұмысты атқаруға мемлекеттік ресурстардың тартылуының қажеттелігінің уақыты әлдеқашан жеткеніне көзім жетті. Бұны Елбасының көзі тірісінде қолға алғанымыз абзал. Бізге ол кісінің әлем жұртшылығының алдындағы беделі керек.
Тарихымызды бұрмалау процесі XVII ғасыр басынан бастап қолға алынған. Скалигер, Петавиус сияқты асқан білімді батыс мамандарының тұсында алғашқы моделі жасалынып, Байер, Шумахер, Шлёцер, Фишер, Миллерлердің тұсында, яғни XVIII ғасырда бекітіліп, XIX ғасырда Орыс қытайтанушылары деген атпен танымал Х.Крузе, Палладий Кафаровтардың жетекшілігімен ғылыми айналысқа енгізілген. Бұлай ұзаққа созылуына католик шіркеуі өкілдері арасындағы шиеленістер себеп болыпты. Орыс жеріне, нақтылап айтсақ Мәскеу княздігіне, құл иеленушілікті орнатқан Романовтар әулетінің басына тәж кигізген де солар болатын. 1618 жылы кенеттен 30 жылдық соғыс басталып кетіп, 1648 жылы соғысты доғарып, өзара татуласа салып, асығыс келіп Мәскеуде «Никониянский церковный расколды» жасап, орыс-татар халықтарын қуғынға ұшыратты. Жергілікті халықтың Алтын орда заңдарымен сіңген қауымдық өмір салтын жойды. С.Разин, Е.Пугачёвтердің басшылығымен болған халықтың баскөтерулері осы жүйеге қарсы шыққан көтерілістері еді. 1756-1763 жылдарғы «Жеті жылдық соғыста» тоқыраған батыс саясаты Екатерина ІІ Ресейде дербес билік жүргізуіне себеп болып, оның баласы Павел ІІІ, Александр І, Николай І, Александр ІІ, Александр ІІІ кезінде жаңа алпауыт АҚШ-тың талабымен «Крепостнойлық режимді» жоюға мәжбүрледі. Ақыры Романовтар әулеті келгеннен 3 ғасырлық қуғынға ұшыраған орыс-татар халқының ұрпақтары «большевиктер» атымен бас көтеріп, 1917 жылы Батыстың қойған басқақтарын биліктен қуып, Пролетарлар атымен билікке келді. Амал нешік, пролетарлар жетекшісі В.И.Ленинді улы оқпен атып жаралап, қатардан шығарып, өз жобаларының жемісі Троцкиден дәмелі еді. Оны да жаңа бас көтерген неміс Рейхінің барлаушылары оқыста жазым қылып, амалсыз шала сауатты И.Сталинмен келісуге тура келген. Идеологиялық билікте бір болайық деп көндіріп, ескірген ауыр-жеңіл өндірістік технологияларын қарызға беріп, енді тарихтың шындығын айтпақ болып отырған Ресей ғылым академиясының ғалымдарын Кобаның қолының тентіретіп жіберді. Сол 1929 жылы басталып, 1931 жылы біткен науқан «Академическое дело» деген атпен белгілі. Түркі өркениетінің ошағы қазақ даласын қанға бояп, жоқ қылуға бағытталған науқан 100 пайыз орындалар ма еді, кім біледі, аяқ астынан ІІІ Рейх бас көтеріп, Сталиннің жағасына жармаспағанда. Бәрі бір Жаратушының қолындағы нәрсе ғой. Мүмкін көшпенді өмір салтын ұстанып, әліпті таяқ деп білмеген бабаларымыздың ұрпақтарына келген тағы бір сынақ болар.
Жошы ханның Би атты ұлы болған
Түркі халықтарының ішіндегі қыпшақ-қазақ диалектісін жаңғыртушы, таза қазақ тілінде сөйлеген Шыңғыс бабамыздың Жошыдан үлкен Би атты ұлы болғаны белгілі болды жылнамалардан. 16 жасында тұқым қалмай, Шыңғыстың шығысқа жасаған жорығы кезінде оқ тиіп, қайтыс болған. Мәлімет қалдырған анау-мынау емес, 1866 жылы «Моңғолдың құпия шежіресін» құрастырып, жарыққа шығарған П.Кафаровтың сенімді серігі Васильевтің өзі. Васильевтің қандай адамның еңбегіне сүйенгенін фирмалық құпия ретінде жарияламай қоя тұрайын деп шештім. Жалпы 5-ші ұлы Төледен туған немересі Құбылайдың 1267 жылы, өзі билеген Юань империясында Будда дінін мемлекеттік дін ретінде бекітіп, Конфуцизмді ыдырату үшін жасаған саяси реформалары Түркі өркениетінің ыдырауының алғашқы қадамдарының бірі десем қателеспеспін. Ай құбылғанда өмірге келген осы немересінің тұқымдары, 1331-1358 жылдар арасында жер бетінде жүріп өткен «оба дертінен» кейінгі механизмі бұзылған Ұлы Жібек Жолының әсерінен 1368 жылы Ханбалықтағы (Пекин) биліктен айырылып, Орта Азияға, яғни ата жұртына Қалмақ деген лақап атпен оралады. Бұл – мұсылман дінін қабылдап үлгермей, ескі тәңіршілдік, көре наным-сенімдерімен қалып қалған қазақтардың бір-біріне қоятын лақап аттарының бірі.
Тілдері Будда дінінің тілі «санскрит» пен ежелден сол жақты мекендеген Бохань, Жужань, Сяньби, Қидан деген сияқты палеоалтайлық, яғни көне түркі тілдес халықтардың тілдерінің әсерімен түрленген, шығыс жорығына кетіп, Исламды қабылдап үлгермей, тәңіршілдікпен қалып қалған бұрынғы қазақтар араға 1,5 ғасыр салып, ата-жұрттарына оралып, Қалмақ деген атқа ие болады. Ханбалықтың айналасындағы 1000 шақырымдық циркулярлы аумақта Алматы, Алтынемел, Түрген, Бақанас деген сияқты мыңдаған жер, су, тау, көл аттары қазақша есімдермен XX ғасыр басына дейін тұрғаны белгілі болды. Орыс қытайтанушылары «Записки о монгольских кочевьях» атты еңбекке «по монгольский» деп таңбалап кетіпті. Ханбалықтан айырылғанымен, ата-жұртына елші-жаушыларын жіберіп, Ақсақ Темірдің ықпалымен Минь әулетіне тыныштық бермеген. Тіпті Есен ханның кезінде 1455 жылы Ханбалыққа тақап келіп, асқан әскери әдіспен Инцзун императорды тұтқынға түсіреді. Оны қыруар ақшаға сатып, артқа қайтады. Әттең, артқы шебі сенімсіз еді Есеннің. Өз баласы Әбдуләтіптің қолынан өлген Ақсақ немересі Ұлықбектің кезінде дағдарысқа түскен Атажұрт билігін қолға алмақ болып, Орта Азияны қан қақсатқан көшпелі өзбек ханы Әбілхайырды 1757 жылы келіп мойындатып, мәжбүрлі келісімге көндірген Өстемір осы Есеннің баласы болатын. Мақсаттары – бірігу еді, амал қанша... 1405 жылы Баязит пен Тоқтамысты дәргейіне келтіре алмай, миына қан кетіп өлген Ақсақ Темір бабамыздың Қытайға жорыққа шығудағы арманы сол Құбылайдың тұқымдарын Қанбалық тағына қайта отырғызу болатұғын.
XVII ғасыр басына дейін Миньдіктерге маза бермеген Құбылай тұқымдары Мәндіғұл, Шынай, Анда хандардың ұрпақтары біртіндеп орталықтандырылған билік жүйесіне мойынсұнып кетті. Бұлардың тұрған жерлері қазіргі Қытайға қарайтын ішкі Монғолия автономиялық округі. Орталығы Хух-хото. XIX ғасырға дейін Байшен деген қазақша аты сақталып келіпті. Қытайлар түсіріпті деп жүрген 30 сериялы «Шыңғысхан» фильміне 12 млн доллар қаржысын жұмсап, 8 жыл бойы түсірткен кәсіпкер осы Анда ханның ұрпағы. Ал Орта Азия – атажұрттарына жақын орналасқан Абылай, Байбағыс, Құсшы, Қарақұл хандардың ұрпақтары өз позицияларын бермеген. Қарақұл ұлы Батыр ханның кезінде Орта Азия билігі тұтасымен Құбылай тұқымдарының қолына өткені белгілі. Сондықтан да 1595-1698 жылдар арасындағы қазақ тарихы мүлдем зертелмеген. Нақтысы зерттетпеген. Аймақтық ғана билігі болған Тәуекел, Есім хандарды сүйрелеп ұлы хандар қылғанымызбен Тәуке ханға дейінгі екі аралықта хан таба алмай қиналатынымыз сондықтан. Орбұлақ шайқасы мүлде болмаған. XVIII ғасырда Фишер деген алаяқтың қаламынан туған Орбұлақ–мыс шайқасын Кеңес идеологтары бір татар тарихшысының қолымен қайта жаңғыртқан.
Қытай билігінен айырылып атажұртқа оралғандардың тілдерінің қатты өзгеріске түсуіне себепкер болған мына оқиғаға тоқтала кетсем деймін. Ханбалық тағына жақын қалған Цинь империясын құрушы, Құбылайдың кенже әйелдерінен тараған Нұрғазы жоғарыда аталған Анда ұрпақтарынан сәлем айтып, елші қылып жіберіп, 1618 жылы Қарақұл ханның шатыры астында үлкен жиын өтеді. Сол жиынның шешімімен Құбылай тұқымдары 40 баланы Тибетке Лхасаға оқуға жібереді. 1640 жылы Батыр ханның шатырында өткен жиынға оралған, осы 40 баланың ішіндегі ең озық ойлысы Зая-Пандита жаңа Жарғыны санскритше жазып шығады. Зая-Пандита – қазақша бала кезіндегі аты Сары Қабақ. Әкесінің есімі Бабахан болған. Байбағыстан ұлы болмай бауыры Саяшының ұлын, жаңағы 40 баланың ішінде Лхасаға оқуға жіберген. Міне осыдан бастап, қазақ-қалмақтардың есімдерінен бастап салттарына дейін Будданың әлеміне ене бастайды. Қарақұлұлы Батыр хан санскритше Ерцени (орысша драгоценный) атын қосып Ерцени Батыр Хунтайджи болып шыға келеді. XIX ғасырда П.Кафаров бастаған топ Уейлд – Джейлс жүйесімен қытайшадан латыншаға аударғанда терминдер адам танымастай өзгеріп кеткен. Төле-Тулуй, Үкітай-Угедей деген сияқты. Ал қоңтайшы сөзі Рашидадиннің еңбегінде тәйші-тәй-тәй бастырушы, басшы мағынасында екенін тап басып айтып кеткен. Қоң дегені белгілі-ірі деген мағынада. Будданы қайта күшейткен қалмақтардың іс-әрекеттерінен шошынған мұсылман дініндегілер сол заманнын бастап бұларға тіксіне қарай бастайды. Ханбалақ тағынан үміті үзілмеген Батыр қоңтайшының ұлы Қалдан Бошықты 1697 жылы Қытай императоры Кансиден жеңіліп, өлім құшқаннан кейін Жоңғария билігін қолға алған Сыбан-Рабдан Түркістанда отырған Тәуке ханға 450 адамдық елшілік жібереді. Лама қыламыз деп, кезінде Қалдан Бошықты алып кеткен баласын қоса жібереді босатып. Тәуке Аштарханидтердің сөздеріне еріп, 450 адамды түгел қырып салады. Міне сол қанды оқиғадан кейін қазақ-қалмақ емес шындығында қазақ пен қазақ арасындағы ұзақ жылдық соғыс басталады. Қазақ тарихында 450 адамның Тәукенің қолынан қырылуы ешбір жерде айтылмайды. Себебі ол айтылатын болса арғы жағындағы түпкі себептері, яғни дін мәселесі ашылып, сөз болып, бар шындық су бетіне қалқып шығуы мүмкін.
«Қазақ хандығын» жазған Б.Д.Греков, А.Ю.Якубовскийлер «қалмақ» терминін жаңғырту үшін үздік жұмыстар жасаған. Жалпы тарихымыз сол 1698 жылдан бастап баяндалатыны да осыған байланысты. Бұл жыл тарихта құпияға толы жыл. Ресей тағының мұрагері Петр І-дің теңіз флотын үйрену үшін Еуропаға барған сапарында тұтқындалып, Париждің Бастилья алаңында асып өлтіріліп, орнына ұқсас келбеті бар, арнайы дайындалған Исакий дегенді жібергені туралы мәліметтер бар Әлем әдебиеттерінде.
«Аттары түгел қазақша, заттары бізге қалмақ» болып жеткен жаңағы хандардың қызынан туған Тәуке хан, неге ғана Қайыр ханның қателігін қайталады. Ол бізге әлі беймәлім. Бірақ Тәукенің 450 адамды қырып салғаны айтылмайды. Қазақ-қалмақ арасындағы 450 адамның дауы «Ақтабан шұбырынды» эпопеясына айналдырылып, тіл әдебиет институтына ана шешен жазыпты, мына ақын-жыраудан қалған екен деген сияқты жырларды қолдан жасап жинақтапты, кеңес идеологтары. Кемеңгерлер көшпенді қазақтың шежіресін құрастырып, қазақтың қолымен жаздыртуды да XVIII ғасырда шешіпті. Ол енді жеке тақырып.
1368 жылы қазақтарды биліктен ығыстырған Қалы сұлтанның кезінде Құбылай құрып кеткен 22 провинцияның 21-інің басшысы мұсылман дінін ұстаныпты. Сол Қалы сұлтанның күйеу баласы, 22-ші провинцияның басшысы, жалғыз мұсылман емес, ханзу ұлтының өкілі Чжун Юаньчжаньнің шешесі, Қалы сұлтанның құдағиы Қалы өлгеннен кейін жасы 90 нан асқанша 40 жылға жуық басқарып, ол түркі тұқымдастардың тоз-тозын шығарып жіберіпті. Қызықтың көкесін осы құдағидың ізбасарларын 1616 жылы 200 мың әскерімен талқандап, 1644 жылы ресми билікті, Қанбалықта Цин әулеті деген атпен таққа әкелген басшыларды әкесі Нұрқазы, баласы Әбіқайлардың кезінде көреміз. Тектерінің кім екені аттарынан белгілі болып отырғандай, осы саясаткерлердің 1618 жылы бабамыз Құбылайдың ұстанған діні Будданы қабылдайық, күшейтейік деген желеумен, қазіргі Монғол, Жоңғар, Бұрыт (Бурят) атанып кеткен және басқа атауларға ие болып отырған аймақтарға елшілер жіберіп, бірлікке шақыруы, оларды түбінде Қанбалық билігіне нақты шегеленуіне себеп болған. Кейін Маньчжур мемлекеті деген атпен белгілі бұл империяны, 1900 жылы батыстың 8 мемлекетінің бірігіп, жалма-жан басып кіруінде де үлкен гәп бар. Ескі түркі жазуы саналатын тік жазумен жазылған жылнамаларды тонауға әрекеттенулері түрлі ой туғызады. 1911 жылы осы империяны құлатып, жаңа басшылыққа қойылған Чан Кай Шидің өзі католик дініне өтіп кеткен адам болып шығып отыр. 1933 жылы кенеттен Қытайға басып кіріп, қалған-құтқан тік жазумен жазылған құжаттарды алып кеткен Жапонияға, осы күні шындықты айтқызбай НАТО-ға тәуелді қылып отыр.
Өз еліміз бен Орта Азия шеңберінде көптеген еңбектер бар, зерттеуді қажет етеді. Ресей, Украина архивтерінде қытай, араб, парсы тілдерінде орасан материалдар жатыр. 2018 жылғы православ діні өкілдері арасындағы шиеленістен кейін Ресей тарихшылары шындықты айтпақ болып шулауда. Бұрыңғыдай монгол-татар игасы, езгісі-міс деген сияқты ескі аңыз-әпсаналар тарих сахнасынан ысырылып, «грани русского раскола», «славянский разлом», «польско-украинская ига» деген тақырыптар талқылана бастады.
Елімізде тарих ғылымы дұрыс жолмен жүргізілсе, аз-ақ уақыт ішінде Түркі әлемін тірі организмге айналдырып, шамамен Шыңғыс бабамыздың жатқан Шыңғыстау, Ұлытау жерлері 3 мыңжылдықтың Меккесіне айналары хақ.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, қолқама құлақ салыңыз, адам ресурсын бағалай біліңіз! Елімізде ескі қазақ тілін түсініп оқитын адамдар азайып бара жатыр. Жаһандану үдерісі қазақ тілін жұтып келе жатыр. Түркі тілінің түп қазығы – қазақ тілінен 60-90 пайызға дейін өзгерген өзбек, әзірбайжан, түрік басқа да түркі тілдері ескі түркі тілін яғни, моғұл тілін тірілтуге негіз бола алмайды. Монгол сөзі «н» әрпі қосылып, 1817 жылы Германияда «Еуропа мемлекеттері тарихының атласы» атты энциклопедиялық еңбегі арқылы ғылыми айналысқа енгізілген термин. Моғұл – адам аты, Қараханның әкесі, Оғыз ханның атасы. Ш.Құдайбердіұлының мәліметінше Мұхаммед пайғамбар өмірге келерден 240 жыл бұрын өмір сүрген кісі. Шыңғыс бабамыз Моғұл бабасының атын ұран қылып, түркі халықтарын бір ту астына жимақ болған. Сондықтан да Ақсақ Темірдің тұқымы Бабырдың Үндістандағы құрған мемлекеті мен Шағатай ұлысының аттары Моғұлстан болатын. Ақсақтың 9-шы атасы Түмбине хан Шыңғыстың 4-ші атасы. Түмбине – Қабыл хан – Бартан баһадүр – Есугей – Шыңғыс. Түмбиненің үлкені Баруластан Ақсақ Темір тарайды. Шежіре солай сөйлейді.
Осы қалмақ терминінің кесірінен, Тәуелсіз дәуірімізде еліміздің дамуына кері әсерін қалай тигізіп жатқанын түсініп мойындауымыз керек. Тарихты аршып, ақиқатына жетпей, дәл осы бағытпен кете берсек тіл-дәстүрден айырыламыз. Президент әкімшілігі бұл жанайқайға құлақ аспаса, қол жиып қазақ тілді қоғамнан көмек сұраймыз.