Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров: «Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы 112 миллиард теңге шығынға батқан. Қатты зақым келген бизнес нысандары 67 миллиард теңгеге шығынға батты. Оның ішінде шағын және орта бизнеске келген залал 42 миллиард теңгені құрап отыр», – деді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев: «Шығынды есептеуде бюрократияға жол жоқ, әр істе кәсіпкерлерді хабардар ету қажет. Күнделікті брифинг арқылы ма, басқа жолдар арқылы ма, бірақ атқарылған жұмыстар жөнінде хабар беріп отыру қажет. Бүгін-ертең Үкіметтің шешімі қабылданатын болса, онда осы қаражаттардың бәрі біздің бюджетке келіп түседі. Біздің комиссия оперативті және объективті түрде ашық қарап, ешқандай бюроркатияға салмай, қысқа мерзім ішінде осы қаржыларды кәсіпкерлерге жеткізуі қажет», – деп мәлімдеді.