Тәуелсіздік бесігінде тербелген ауыл

Тәуелсіздік бесігінде тербелген ауыл

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Біз, әдетте, осы уақыт ішіндегі тарихымызды саралағанда, жалпы еліміздің жетістіктерін мемлекеттік деңгейде айтып, жазып жатамыз. Бұл, әрине, жақсы. Алайда елдің экономикасы мен әлеуметтік дамуының негізгі өзегі болып саналатын ауылдардағы оң өзгерістер жайында ұмыт қалдырамыз. Негізінде ауыл – қазақтың алтын бесігі, ұлттық құндылықтарымыз бен бар болмысымыздың қайнар көзі. Сондықтан Қазақтың бар байлығы да, ынтымағы мен берекесі де – ауылда жатыр. Ауыл барда – Қазақ елінің болашағы бар. Олай болса, мерейлі мерекемізге орай, ауылдарымыздың тыныс-тіршілігінен хабар беріп, олардың Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайында да қалам тербегеніміз жөн болар. Иә, дәл осы мақсатта аудандық төл басылымда әрбір ауылдық округке арнайы бет арналып жатса, бұл жолы Тәуелсіздік жылдарында құрылған Т.Рысқұлов ауылдық округіне кезек беріледі.

Т.Рысқұлов ауылдық округі 2005 жылы құрылған. Интернациональный және Т.Рысқұлов ауылдарынан тұрады. Өсіп- өркендеу бағыты, негізінен, ауыл шаруашылығына бағыт талған округте жалпы 3843 адам мекендейді. Округ аудандағы ең көпұлтты аумақтардың қатарына енеді. Тәуелсіздік жылдары, жалпы ауданымыздағыдай, бұл округте де халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ілкімді істер атқарылды.

Негізінде, тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейіне кері ықпал ететін негізгі факторлар – коммуналдық мәселелер болып есептелсе, Рысқұлов ауылдық округінде бұндай мәселелі жайттар жоқ. Себебі аумақ халқы толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етілген, аулалардың барлығы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Сондай-ақ  электр желісі де аумаққа толықтай жүргізілген.

Мемлекеттік бағдарламалардың аясында, 2008 жылы Т.Рысқұлов ауылында 180 орындық №28 мектебі салынса, Интернациональный ауылында 2010 жылы 300 орындық А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі бой көтерді. 2006 жылы осы ауылда жаңадан пошта бөлімшесі салынса, 2010 жылы 13 келіп-кетушіге арналған дәрігерлік амбулаториясы ашылды.

2008 жылы Т.Рысқұловтағы ауылдық клуб күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи кейіпке енді. Бұл рысқұловтықтардың мәдени іс-шараларға жоғары деңгейде дайындалуына мол мүмкіндік берді. 2019 жылы 50 орындық «Мейірім Меркі» балабақшасы өз жұмысын бастаса, №7 мектептің жанында да 75 орындық шағын орталық ашылып, ауыл балалаларын мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етеді.

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында, 2020 жылы Т.Рысқұлов ауылында кіші футбол алаңшасы жасалды. Ал демеушілердің көмегімен өткен жылы Т.Рысқұловта, 2018 жылы Интернациональныйда «Стрит Воркаут» балалар ойын алаңшалары соғылды. Дәл сол жылы ауылдың орталық стадионы қоршалып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Әрине мұның бәрі Тәуелсіздік жылдарындағы әсте-әсте болып жатқан оң өзгерістер екені анық. Алайда біз бір нәрсеге нақты мән беруіміз керек. Жаңадан ашылған мекемелер, немесе, салынған ғимараттар болсын, жалпы, осындай өзгерістердің барлығы ауылдарымыздағы Тәуелсіздіктің қолтаңбасы һәм егемендігіміздің естеліктері іспеттес болып, есімізде мәңгі қалары сөзсіз.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен өңір бойынша қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аталған округте де қызу жалғасын табуда. Өткен жылы рысқұловтықтар ауызбіршілік танытып, мұқтаж отбасыға 3 бөлмелі үй салып берсе, биыл, тіпті, аудан бойынша ең алғашқы болып, 5 бөлмелі үйдің кілтін зейнеткерге табыстады. Жалпы рысқұловтық тұрғындар бұрыннан өздерінің ауызбіршіліктерімен, ұйымшылдықтарымен ерекшеленеді.

Бұдан бірнеше жыл бұрын ауылдың жомарт жандарының арқасында Т.Рысқұлов ауылында «Жарас ата» мешіті салынған еді. Ал өткен жылы сол игі бастаманың жалғасы сынды аталған мешіттің жанынан жаңа асхана да салынып, тұрғындардың ортақ игілігіне айналды.

Біз жоғарыда округтің негізгі экономикалық бағыты ауыл шаруашылығы екенін айтқан едік.

Округтің жалпы жер көлемі 15731 га болса, оның 14864 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болып табылады. Негізгі егіншілік түрлеріне қызылша мен арпа-бидай жатқызылса, аталмыш дақылдарды егудің аясы жыл сайын кеңюде десек болады. Мысалы 2019 жылы 2546 гектарға арпа, 1563 гектарға күздік бидай себіліп, 230 га алқапқа қызылша егілсе, 2020 жылы арпа – 2716 га, күздік бидай – 1569 га, қызылша – 252 га алқаптарға егіліпті. Бұл әлемдік пандемияға байланысты карантин талаптары күшейтілген кезеңнің өзіндегі көрсеткіш.

Ауылдық округте 168 шаруа қожалығы тіркелген. Олардың 14-і ірі шаруа қожалықтары болып табылады. 32 шаруа қожалығы мал өсірумен, қалғандары аралас шаруашылықпен айналысады. Бұдан бөлек, 1 жанар-жағармай құю стансасы, 8 азық-түлік дүкені және тағы басқа да қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.

Әлихан НҰРАЛИЕВ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 100
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817