Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық әуе хабын құру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында өтті.
Кездесу барысында қазіргі уақытта ішкі рейстер терминалын қайта жаңарту, заманауи мұздануға қарсы өңдеу алаңын салу, әуежай маңындағы тұрғын үйлерге шудан оқшаулау жұмыстарын жүргізу және инфрақұрылымды дамыту бойынша басқа да бағыттар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.
Бағдарламаның тұжырымдамасы үш ұшу-қону жолағынан тұратын жүйені құруды, негізгі жолақты толық қайта жаңартуды, жүк перронын, логистикалық және қойма кешендерін салуды, сондай-ақ заманауи жолаушылар инфрақұрылымын дамытуды көздейді. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде әуежайдың жылдық өткізу қабілеті 2050 жылға қарай 55 миллион жолаушы мен 500 мың тонна жүкке дейін ұлғаяды деп жоспарланып отыр.
Премьер-Министр Алматы халықаралық әуежайының елдің көлік экожүйесіндегі маңызды рөлін атап өтіп, даму бағдарламасының барлық кезеңдерін уақытылы және сапалы орындаудың маңыздылығына тоқталды.















