«Taza Astana» – тазалық жаршысы

«Taza Astana» –  тазалық жаршысы

Елордада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Taza Astana» әлеуметтік жобасы басталды. 

«Бұл тұрғын үй маңын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, аулада тазалық жұмыстарын жүргізу, балалар алаңдарының тозығы жеткен жерлерін жөндеу бойынша жүйелі жұмыс құруға бағытталған. Бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен іске асыру аталған аумақтарды пайдалануға, күтіп ұстауға, қызмет көрсетуге, сондай-ақ тазартуға жауапты заңды және жеке тұлғалардың жұмысын ретке келтіруге мүмкіндік береді», – деді «Taza Astana» әлеуметтік жобасының жетекшісі Гүлвира Әбетова. Жоба аясында арнайы құрылған экологиялық комиссия тоқсан сайын «Ең таза аула», «Ең үздік кәсіпорын», «Ең үздік мекеме» атақтарын белгілейді.

«Taza Astana» жобасы шеңберінде бағалау актісі бойынша МИБ/ПИК/ЖШС басшыларының өтінімі бойынша тоқсан сайын арнайы құрылған экологиялық комиссия қатысушылар үшін номинацияларды айқындайтын болады.

Аумақты тексеру үшін жобаға қатысу ерікті болып саналады. Нәтижелер негізінде «Сапалы басқарушы», «Таза аула», «Креативті мердігер», «Қауіпсіз аула», «Тату аула», «Сенімді мердігер», «Жайлы орта», «Таза орта», «Жасыл орта» номинациялары беріледі.

Өтінімдер birge.astana.kz  платформасында қабылданады. Жобаның алғашқы күні тұрғын үй иелерінің балаларына арналған анимациялық шоу бағдарлама ұйымдастырылды. Мұнда олар тазалық тақырыбына арналған ойын-сауық әрі танымдық ойындар ойнады.

Бүгін елордалықтарға түсіндіру жұмыстары өтті. Ал экологиялық комиссияның алғашқы жұмысы 30 тамызда басталады. Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген  полигондарды жою жұмыстары жүргізілуде.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 128
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 142
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 594
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 701
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4520
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3963
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6393
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4924
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6124