«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: КЕЛЕСТІК 3 ЖАСАР ЕГІЗДЕР ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП, ГҮЛ ОТЫРҒЫЗДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: КЕЛЕСТІК 3 ЖАСАР ЕГІЗДЕР ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП, ГҮЛ ОТЫРҒЫЗДЫ
Елімізде басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жас балдырғандар да үлес қосып жатыр. Келес ауданы «Мариям-ММ» бөбекжай балабақшасында «Балдырған» тобында тәлім алып жатқан 3 жастағы егіздер Айман Қажымұхан, Ахмет Қажымұхан мен «Сұңқар» тобының 5 жасар егіздері Алия Упабек, Али Упабек табиғатты тазалауға өз үлестерін қосты. Балабақша меңгерушісі Айнұр Станбекова балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа балабақшадан үйрету өте маңызды екенін атап өтті.
– Балабақшамызда тәрбиеленушілерді табиғатты сүюге баулитын түрлі іс-шаралар өтеді. Бір ғана тазалық акциясымен шектеліп қалмай, тәрбие сағаттарында табиғатқа қамқорлық қажет екендігін насихаттаймыз. Елімізде 5 аптаға созылатын науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп басталды. Бұл бастаманы балабақша ұжымы толық қолдайды. Балабақшамызда тәрбиеленіп жатқан егіздер де осы шараға қатысып, тәрбиешілерінің көмегімен ауламызға гүл отырғызды, – дейді балабақша меңгерушісі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 538
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 540

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20857
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35774
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34297
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38174