«Таза Қазақстанның» мақсаты – айналадағы тазалықты сақтау

«Таза Қазақстанның» мақсаты – айналадағы тазалықты сақтау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өз жұмысын бастап кетті. Бұл жерде ең басты мақсат – елді мекендердің аумағын абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және қоғамда экологиялық мәдениет пен табиғатты сақтау мәдениетін қалыптастыру.

 

Акцияның негізгі бағыттары:

- Аумақтарды тазалау: Саябақтар, ормандар, қалалар және су қоймалары жүйелі түрде қоқыстан тазартылады.

- Абаттандыру және көгалдандыру: «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» секілді  дәстүрлер аясында жаңа көшеттер егіледі.

- Қалдықтарды қайта өңдеу: Жиналған қоқыстың біраз бөлігін қайта өңдеуге жіберуге күш салынады. 

- Ағартушылық іс-шаралар: Мектеп оқушылары, еріктілер, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындармен бірлесіп сенбіліктер, эко-марафондар  мен зияткерлік экологиялық квесттер өткізіледі. 

Жоба жыл бойы жалғасын табатын болады. Президентіміз  «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйлеп, «Тазалық» фестивалінің  өте тағылымы бар іс-шара екенін айтып өтті.

 – Иә, бәріміз бір ел болып «Таза Қазақстан» жобасын бастап жатырмыз. Мен, ең алдымен, осы жалпыұлттық бастамаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып жатқан әр азаматқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, солардың қатарында өздеріңіз сияқты жалынды әрі дарынды жастарымыз өте көп. Сіздер еліміздің әр аймағында еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрсіздер. Бұл – үлгі боларлық іс. Мен Мемлекет басшысы ретінде сіздерді әрдайым қолдаймын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тазалықтың мәні мен мағынасы жайында түсіндіріп, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетін көрсетеді деп атап айтты. Тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы керектігін ескертті. 

– Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы, – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегінің зор екенін де ерекше айтты. Волонтер болу, ең алдымен, нағыз отаншыл азамат болу, яғни патриот болу деген сөз деді ол. Экологияны жақсартуға кәсіпорындар мен кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанын басшымыз атап айтты.  Сонымен қатар «Таза Қазақстан» аясында көптеген шаруалар атқарылып жатқанын,  миллиондаған тонна қоқыс жиналып, көшет егілген де басты назарға алды. Осыған орай  «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы жақсы дәстүрге айналып, әлі күнге дейін жалғасын табуда.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ

 

10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26615
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26049
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43439
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39226
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43845