Театр – тіл дамыту құралы

Театр – тіл  дамыту құралы

Қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері Шәкен Айманов «Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген екен. 

Баланың тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдардың рөлі зор. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын көрсетіп, жаман мен жақсыны талдай алады, ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Президент жаңа жылдық құттықтауында «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін» деді.  Сонымен қатар Президент өз сөзінде балаларға ерекше назар аудару керегін, бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен, билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек екенін айтты. Осы орайда Елорда Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие мектебі жобасының командасы мемлекеттік тілдің дамуы және ұрпақтың рухани-өнегелі тәрбиесіне қатысты іс-шарадан еш уақытта тыс қалған емес. Жақында біз Нұр-Сұлтан қаласындағы №44 «Үркер» балабақшасында «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту» тақырыбында семинарға қатыстық. Тәрбиеші Нұранова Жансая Әділханқызы ортаңғы топ бүлдіршіндерімен өткізген «Сиқырлы пішіндер» деп аталатын І бөлімнің мақсаты балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, математикалық негіздер ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, түр-түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой-өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Театрланған қойылым арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту болса, ересек тобының тәрбиешісі Камза Гүлназ Бакибайқызы өткізген «Тапқыр аралар» бөлімінің мақсаты балалардың алған білімдерін  үйренген ұғымдарын тиянақтау. Сөздік қорын  молайту, бойындағы мүмкіндігі мен қабілетін анықтау жылдам ойлауын, ептілігін  шығармашылығын  дамыту.  Еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Сергіту сәтінде Абай Құнанбаевтың (И.А.Крыловтан) «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңінен үзінді оқылып, бүлдіршіндерді жаман ғадеттен аулақ болуға шақырды. Тәрбиеші Құсайынова Марал Кеңесбайқызы жетекшілік еткен, «Сандар әлеміне саяхат» бөлімінің мақсаты сандардың құрамын білу, тура және кері санауда билингвалды әдісті қолдану, таңбаларды айыра алуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Интеллектуальдық ойындарды қолдана отырып  геометриялық пішіндерді айыра білу, атау, затқа айналдыра білуге үйрету. Түрлі логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін, логикалық ойлауын дамыту болды. Бүлдіршіннің тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда театрландырылған қойылымдардың орны айрықша. Балалар қойылымға қатысу арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, дұрыс сөйлей білуді, кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ойнау арқылы  айналасын тануды, жақсы мен жаманды ажыратуды үйренеді. Әдемілікке құштарлығы оянады.

Осы орайда, «Үркер» балабақшасында өткен «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту» тақырыбындағы қалалық семинардың бала тәрбиесіне қосар үлесі мол. Өйткені, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десек те театр – рухани-өнегелі тәрбие мектебі. Мұны өскелең ұрпаққа ұғындыру, мәдениетке жол ашу, балабақша тәрбиешілері үшін зор міндет. Біз де өз тарапымыздан, семинарға қатысқан қалалық балабақша меңгерушілеріне, қатысушыларға ертегінің бала тәрбиесіндегі басты маңызына тоқталып, балабақшамен алдағы уақытта бірлесіп рухани-өнегелі іс-шаралар атқаратынымызды айттық. Балабақша кітапханасына қазақ тіліндегі кітаптар, боямақтар, журналдарды сыйға тарттық. Өскелең ұрпақтың дамуы үшін рухани-өнегелі маңызы зор іс-шараны ұйымдастырған №44 «Үркер» балабақшасының меңгерушісі Сәрсебаева Жанерке Абылайханқызына, тәрбиешілер Ж. Нұрановаға, Г. Қамзаға, М. Құсайыноваға, М. Бағдалға, А. Әбежановаға, музыка жетекшісі Г. Сағынбековаға, М. Байнукеноваға, би жетекшісі Ж. Амантаеваға, М. Орынбековаға және барша қызметкерлеріне алғыс айтамыз.

Тұрар ШӘКЕН, «Елана» сайтының үйлестірушісі
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8441
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11668
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9431
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10648