Референдум

Темекі шегуге қарсы күрес жалғаса бермек

Темекі шегуге қарсы күрес   жалғаса бермек

Темекі шегу денсаулыққа өте зиян. Бірақ адам баласы осы бір жаман әдеттен арыла алмай келеді. Алдыңғы жылы Қаржы министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында темекіні 6,5 пайызға қымбаттатты. Бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланды.

Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәйкес, өткен жылы 29 бен 39 жастағы азаматтардың арасында шылым шегетіндер көбейген. Сондай-ақ, Қазақстандағы әрбір бесінші адам темекі тартатыны анықталды. Қазақстанда 1 шілдеден бастап ең арзан темекі 820 теңгеден сатылады, бұл қазіргі бағадан 50 теңгеге қымбат.

Соңғы жарты жылда шылым бағасы 16-18,8 пайызға артқан. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында темекі мен папиростың бағасы 53,4 пайызға артқан. Алайда елде темекіге тәуелді азаматтардың саны азаймай тұр.

Былтыр папиростың ішкі нарықтағы көлемі 62 пайызға көбейген. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында ел азаматтары темекіге 5,7 миллиард теңге қаржы жұмсаған.

Алайда көңіл қуантар жаңалықтар да баршылық. «Біздің мәліметімізге сәйкес, Қазақстанда темекі шегетіндердің саны 8 пайызға төмендеді. Енді, тағы xалықаралық мәліметтер де бар. Онда 4 пайыз деп көрсетеді. Дегенмен, ең бастысы, оң тенденция байқалып отыр. Бүгінде Қазақстанда орташа есеппен 4 млн адам темекі шегеді», – дейді Темекіге қарсы коалицияның мүшесі Жәмиля Садықова.

Оның айтуынша, темекі шегетіндердің саны азайғаннан кейін осы саладағы өндірістің көлемі 20 пайызға қысқарды. «Негізі, бұның барлығы акциздің әсері ғана емес. Қоғамдық жерлерді темекі шегуге тыйым салу, темекі пәшкелеріне қорқынышты суреттерді салу және тағы басқа шаралар да оң нәтижесін берді. Дегенмен, акцизді арттыру, яғни салықты көбейтудің әсері қатты. Себебі темекінің бағасы көтеріледі», – деп атап көрсетті Ж.Садықова.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда темекі акциздері 1000 данаға 6,2 мың теңгеге дейін көтерілген болатын. Биыл тағы 7,5 мың теңгеге дейін өсті. Келесі жылы аталған салық 8,7 мың теңгеге жетуі тиіс. Алдағы уақытта темекі акциздерінің құнын көрші Ресейдің деңгейіне дейін көтеру көзделіп отыр. Ал салықтың мөлшері артса, баға да көтеріледі. Газетімізге сұxбат берген сарапшылар темекі бағасының қалайша өзгеретінін айтып берді. Бұдан бөлек, дүкен сөрелерінен темекі өнімдерін мүлдем алып тастауы мүмкін.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында азаматтардың денсаулығы қазақстандықтардың әлеуетін ашу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты негізгі басымдықтардың бірі болып айқындалған, өйткені дамыған елдің негізі – белсенді, білімді және дені сау азаматтар.

Салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде мінез-құлық қауіп факторларының, оның ішінде темекі шегудің профилактикасын арттыру жөніндегі шаралар жоспарланған.

Мәселен, қоғамда 100% түтінсіз ортаны енгізу, жарнаманы бақылау, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу түрінде темекі өнімдерін тұтынуды азайту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру көзделген. Алайда, темекі шегумен күресудің ең танымал әдісі салық шаралары.

Қазақстанда темекі өнімдеріне акциз 1995 жылы енгізілді. Соңғы 10 жылда акциздер мөлшерлемесінің өсуі түріндегі салық саясатының қатаңдауы байқалады. Сонымен, сүзгісі бар темекіге акциз мөлшерлемелері шамамен 13 есе өсті, ал сүзгісі жоқ темекі 1000 данаға 21 есе өсті.

Нағашыбай Қабылбек
12.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23872
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23546
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40703
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36979
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41222