Теміртаудағы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды

Теміртаудағы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта екі жұмысшының мерт болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалған. Бүгін таңертең QARMET кенішінде екі жұмысшы биіктен құлап, көз жұмды. Марқұмдардың бірі - 2005, ал екіншісі 1986 жылғы азамат. Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар мердігер компанияда жұмыс істеген. Оқыс оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін облыстық еңбек инспециясы арнайы комиссия құрды. Ал полиция қылмыстық кодекстің 156-бабы "Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылу" дерегі бойынша іс қозғалғанын жеткізді. Әсем Қасымова, мемлекеттік еңбек инспекторы: - ҚР еңбек заңнамасы шеңберінде еңбек инспекциясы басқармасы Қазмеханомонтаж ЖШС қызметкерлерімен болған жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құрылды. Оның нәтижелері бойынша мән-жайлары мен себептері анықталатын болады.

24.kz
25.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5052
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5217
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20177
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18821
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22276