Теріскейдегі ауылдарды тірілтсем, шіркін!

Теріскейдегі ауылдарды тірілтсем, шіркін!

Солтүстікке көш мәселесін дамыту мақсатында, Қызылжардағы кеңсеме біршама облыстың аға, ақсақалдарын шақырып, Қытайдан келетін қазақтардың өкілдерімен кезіктірдім. 

Офиске келген адамдардың бәрі, өз ауылын құтқарғысы келген адамдар.  Айтуар, Көктерек, Амангелді, Балуан, Тауағаш, Есперлі ауылдарының өкілдері. Өздеріңіз білесіздер, Солтүстікте жаппай қазақ ауылдары жойылып жатыр, басты себеп – мектептегі бала санының аздығы. 

Жалпы, Қытайдан қандастарымызды әкеп жүрген жігіттердің айтуынша, 2 мыңға жуық отбасының тізімі бар екен. Мақсатым – сол отбасылардың басым бөлігін Солтүстікке алдыру. Оның үстіне, Президентке хат жазып, Қытайдан келетін қандастардың құжат алу мәселесін реттеу. Сол арқылы бір оқпен бірнеше қоян алып, Солтүстікке орасан үлес қосамын. 

Жалпы, кездесудегі сөз барысында ағаларға: «анау жақтан келген қазақты ұстап қалудың жалғыз жолы – жер беру. Қытайдан келетін ағайынның арасынан жер шаруашылығы, мал шаруашылығына икемі барын іріктеп, әр қандасқа кемі 5-10 гектардан жер беру керек. Алдарына өсімге мал салып беру керек. Сонда сол жерде өсіп-өнеді. Жалпы мақсат, Үкіметтен ғана жер алу емес, сол жабылайын деп тұрған ауыл маңындағы мың гектарлап жер егіп отырған фермерлер берсін, осы уақытқа дейін сол жердің қызығын көрді, енді ауылға жан бітіруге сеп болсын. Аға ақсақалдар, соларды көндіріңіздер!» – дедім. 

Ағалардың арасында бір-екі фермер бар еді. Екеуі де «ауылымызды көтеру үшін бәріне дайынбыз» деді. Енді сол мәселемен Шал ақын ауданына аттанамыз. Шал ақын ауданында жабылып қалған, бірақ екі қабатты мектебі тұрған Балуан деген ауыл бар. Назарымыз сонда. Сол ауылды тірілтсем, шіркін! Бізге ақ жол тілеп қойыңыздар!!

«TAUEKEL». Теріскей бізге аманат.

 

Редакциядан: Бурахан деген бұл азаматтың мақсатына риза болдық. Солтүстікке қандастарымызды көшіру мемлекет тарапынан қолға алынған. Бірақ осындай азаматтардың ұлтшылдығы, отаншылдығы, өз жұртына деген жанашырлығы көңіл тоғайтады. Ақ жол, Бурахан бауырым!

Бурахан ДАДАНОВ

01.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24155
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23826
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37210
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41503