Бүгін «Qazaq soda» ЖШС кальцийленген сода өндіру бойынша жаңадан іске қосылатын зауытты Жамбыл облысы, Сарысу ауданына Ақкөл көлінен бастап қуаты жылына 400 мың тонна кальций қосылған сода өндіретін зауыт шекарасына дейін су таратқыш насостарына электр бағаналарын шаруа қожалықтарының жерінің үстінен өткізу туралы бойынша техникалық кеңес өтті.
Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Серимовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Д.Шалбаев, «Qazaq soda» ЖШС-нің директоры Р.Ибраимов, «Qazaq soda» ЖШС-гі директорының орынбасары Л .Чайхан, «Qazaq soda» ЖШС-гі директорының орынбасары Х.Акын, «FORTIS» ЖШС-нің өкілі Жумадельдаев Г.М, Авторлық қадағалаушы «АлмазПроектСтрой» ЖШС-нің өкілі А.Ахметов қатысқан кеңесте құрылыс жүріп жатқан кезде электр желісін тарту бойынша Мердігер «FORTIS» ЖШС-гі кедергілерге тап болған жұмыстары бойынша түсінік берді.
Сарысу ауданы әкімінің орынбасары барлық мәселелерді тыңдай келе, Қазақстан Республикасының жер кодексінің заңына сәйкес, кейбір мәселелерді сот арқылы шешу жолын айтып өтті.
Жиынға қатысушылардың ұсыныстары мен сұраныстары тыңдалып, жан-жақты талқыланып, техникалық кеңеске қатысушылар ұсыныстарды бір ауыздан қабылдады.