Тіл жөнінде депутаттық сауалға қол қоймай, бұғып қалған 67 депутат кім?

Тіл жөнінде депутаттық сауалға қол қоймай,  бұғып қалған 67 депутат кім?

Тәуелсіздік алған 30 жылда қазақ тілінің жыры бір біткен емес. Алдаркөсе айтпақшы «Хәләуләйі бітсе, әләуләйі» жалғасып келеді. Қос тілділік – қатар аққан қос өзен секілді бір арнаға тоғыспай, елді екіге жарып, дау-дамайдың көрігін қыздырып жүр.  Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза «айыр тіл жыланда ғана бар» дегеніне 20 жылға жуықтады, оны жырына қыстырған үкімет жоқ. 30 жылда «Тілім» деп еңіреген, тебіренген қазақтың жан айқайын, жазған мақаласын топтастырса кірпіштей-кірпіштей 30 том боларына шүбә жоқ. 

Шынымен қазақ билігі ет пен сүйектен жаратылса, бұқара халықтың талабын орындауы керек еді. Әзірге «Жаңа Қазақстан» құруға талаптанып жатқан Президент Тоқаев үкіметі, тілсізде «Тау қопарып, тас жаруға» белді бекем буғандай көрінеді.  

27 сәуір күні Парламент Мәжілісінде Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, Конституцияның 7-ші бабын өзгертіп, мемлекеттік тілдің статусын жеке дара айқындау, еліміздің ақпарат алаңын шетел телеарналарынан тазарту, біздің елге көршілес елдерден ағылып жатқандарға тосқауыл қою, Қазақстан Азаматтығын алу үшін Қазақ тілі мен ел тарихынан емтихан тапсыру туралы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі , ақын Қазыбек Исаның депутаттық сауалын қолдап, 107 депутаттың 39 ғана  қол қойғаны әлеуметтік желінің «түндігін» желпіп жатыр.  

Өзге ұлт өкілдері арасынан Шиповских, Платонов, Смышляева, Ильяс Буларов, Абилфас Хамедов, Қаратаевтар жоғары патриоттық көрсетіп қол қойғанда, ұлтым дегенде кеңірдегі жыртылып кете жаздайтын кейбір «ұлтшылдардың» үні шықпай қалғаны жанға  батады. 

Белгілі ақын Абзал Бөкен фб парақшасына: «Егер мәртебелі Президент мемлекеттік тілді мойындағысы келмейтін 68 депутаттың әрекетіне тиісті бағасын бермесе, мен қазақ тіліне атүсті қараушыларды 68 деп емес, 69 адам деп есептеуге мәжбүрмін» деп жазуы бекер емес. 

Әлеуметтік желі қолданушы Кенжегүл Тергембай: «Өмір өзі депутаттарды «табиғи сұрыптаудан» өткізіп берді. Бұл анық әрі ашық факті. Арамтамақ, антиҚазақ 67 депутаттың отставкаға кетуін талап етемін. 18 миллион халыққа қалған елу депутат та жеткілікті» деп жазуы бірдің емес мыңның талабы!

Парламент Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса Конституцияда қазақ тілінің мәртебесін айқындауды сұрады. Ол үшін Ұлттық идеология концепциясын қабылдау керегін айтып, Үкімет басшысының атына сауал жолдады.

«Мемлекеттің жаңа дәуірін бастап берген қаңтар қасіреті 30 жылдағы барлық қателіктерді әйгілеп берді. Сондықтан да Президент Қ.Тоқаев бастаған саяси реформаны ел қолдап жатыр. Қаңтар қасіреті ең алдымен елімізде 30 жылдан бері Ұлттық идеологияның ұшқыны да болмағанын әшкере етті. Енді саяси реформамен бірге шұғыл Ұлттық идеология концепциясын қабылдау керек, - деді депутат.

Оның сөзінше, отаншылдық  Ұлттық идеологиядан басталады. Ал ұлттық идеология – ең алдымен Мемлекеттік тіл!

«Қазір халықты біртұтас етіп біріктіруші ұлттық идеологиямыз – Мемлекеттік  тіліміз болуы керек. Бұны еліміздегі этностардың бәрі де қолдауда. Ассамблея былтыр мемлекеттік тілді міндеттеу туралы үндеу қабылдады. Түркияның тұңғыш президенті Ататүрік  «Түркиядағы 78 ұлт  бүгіннен бастап бір тілде - түрікше сөйлейміз!» -деп жариялады. Осындай қазақ ұлты алдындағы тарихи жауапкершілік пен аманат бізде де атқарылуы тиіс еді», - деді  мәжілісмен.

Қазыбек Исаның сөзінше, елді біріктіріп, топтастыру үшін барлық ұлт тек мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс. «Мен 1979 жылы Алматыға келгенде барлық жерде орыс тілі үстем еді. Біз Кеңес Одағының боданы, отар ел едік. 1999 жылы ұлым: «Әке, неге барлығы орыс тілінде?» деп сұрады. «Тәуелсіздікке көп болған жоқ, алда бәрі қазақша болады» деп айтып, оған өзім де сенген едім. Биыл, 2022 жылы енді немерем: «Неге барлық жерде орысша?» – деп сұрады. Ал бұл кезде Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты. Бұған мен, яғни біз не деп жауап береміз? Бұған кім жауап береді? Ұлттық мүддені қорғау – Мемлекеттік тілден басталады. Ал бізде 30 жылдан бері Мемлекеттік тіл туралы заң жоқ, - деді ол өзінің депутаттық сауалында.

Депутаттың пікірінше, Конституцияның тіл туралы бабының бірінші тармағын орындамай, екінші тармағын орындайтын ел әлемде тек Қазақстан.

«Конституциядағы 7-бапты өзгертіп, қазақ тілінің Мемлекеттік тіл ретінде жеке дара статусын айқындау керек. Тәуелсіздік алған 30 жылда өз тілін білмейтін ұрпақ өсіп шықса, сонда біз қай елде, қандай Тәуелсіздікте өмір сүргенбіз? Мемлекекеттік тіл есіктен кіре алмай жылап тұрса, біз неге жетісіп, қалай төрде отырамыз?! Мемлекеттік тілімізді міндеттейтін заң шығара алмасақ, бұл жерде неге отырмыз? – деді ол күйініп. Мәжілісменнің сөзінше, өзге елдерде мемлекеттік тілді көтерсең – патриотсың, ал бізде жаусың! Ол егер екеуі екі тілде сөйлесетін болса, еститін мемлекет халықты қалай түсінетінін сұрады.

«Біз Мемлекеттік тілімізді міндеттейтін заң қабылдау  үшін енді тағы 30 жыл үшінші президентті күтуіміз керек пе?! Елбасы енгізген Конституция мен заңдарымыздағы мемлекеттік тілдің бейшаралығын білдіретін баптардың бәрін де зейнетке шығарып жіберу керек. Салық төлеу қандай міндет болса, мемлекеттік тілді білу де сондай міндет болуы тиіс. «Екі тілге бірдей жағдай жасау керек» деген – екіжүзділік. Ол аштан өлгелі жатқанның аузынан асты жұлып ап, тоқтықтан жарыла жаздап отырғанның аузына тығумен тең. Мемлекеттік тілді қорлатпау – мемлекет басшыларынан бастап, бәріміздің басты міндетіміз болуы тиіс», - деп бір қайырды депутат.

Мәжіліс депутаты жоғарыда аталған мәселелерді негізге ала отырып, бірнеше ұсыныс айтты.

1.Ұлттық идеологиямыздың концепциясын тез арада заңды түрде бекіту қажет.

2. Мемлекеттік тілді міндеттейтін заң қабылдау керек.

3. Конституциядағы тіл туралы бапқа өзгеріс енгізіп, қазақ тілінің Мемлекеттік тіл ретінде жеке дара статусын айқындау керек.

4. Мемлекеттік тілдің дамуы мен  тиісті заңды қадағалау  үшін тікелей Президентке қарайтын Тіл агенттігін құру қажет.

5. Қазақстанның ұлттық ақпараттық қауіпсіздігін жасап, шетелдік телеарналар мен БАҚ-тардың таралуын шұғыл тоқтату қажет.

6. Қазір геосаяси жағдайларға байланысты біздің елге  басқа елдерден қоныс аударушылар ағылып жатқандықтан, Ұлттық қауіпсіздік мақсатында 2019 жылы «Ақ жол» фракциясы ұсынғандай, Қазақстан Азаматтығын алу үшін мемлекеттік тіл мен ел тарихынан емтихан тапсыруы тиіс.

Нағашыбай Қабылбек
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 133
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 170
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 166
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 133
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 277
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 280
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 495
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 452

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9544
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756