«Turkistan» телеарнасында елімізде теңдесі жоқ «Төзім TEST» реалити шоуы өз мәресіне жетті. Бүгін он күн бойы қоғамнан оқшауланып, ұялы телефоннан да шеттетілген, түрлі сынаққа соңына дейін төзімділік танытқан қатысушы марапатталды. Отырарлық азамат Есентұр Смайыловқа «Turkistan Media Holding» ЖШС бас директоры Жанахмет Ағыбаев қаржылай 1 млн теңгемен марапаттады. Жеңімпаз өзінің дамуына бұл жобаның көп көмегі тиегін айта келе, ұйымдастырушылар мен көрерменге деген алғысын жеткізді.
Қатысушылардың төзімін тексеретін, түрлі сынаққа толы жобаға төрт адам қатысты. Оларға күн сайын психологиялық, физикалық және интеллектуалды тапсырмалар берілген. Бір бөлмеге жайғасқан қатысушыларды арнайы күзет бақылауда ұстады. Ал көрермен тәулік бойы ютуб арнасынан тікелей эфир арқылы бақылап, дауыс берген.
Айта кетейік, төзім мен шыдамды сынайтын доданың шарты бойынша қателікке бой алдырып, қиындыққа төзе алмағандар жобамен қош айтысады. Жалпы реалити шоудың іріктеу кезеңіне 40-тан астам 20-40 жас аралығындағы ер азамат қатысқан. Оның ішінен тек төрт қатысушы өткен.